Ұлы Дала мұрасы
Өнер • 26 Қыркүйек, 2021
Түркістанда «Ұлы Дала мұрасы» қойылымы ұсынылды
Түркістан қаласының Конгресс Холл сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің авторлық интерпретациясында «Ұлы Дала мұрасы» атты ұлттық дивертисмент өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрының кезекті гастрольдерінің аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.