Өнеркәсіп секторындағы проблемалар туралы айтылды
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Парламенттік тыңдау: Өнеркәсіп секторындағы проблемалар туралы айтылды
Бүгін Сенатта Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында экономиканың өңдеуші секторын дамыту» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Іс-шара барысында саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар көтерілген мәселе жөнінде ұсыныстарын айтып, мүдделі тараптардың алдағы бірлескен жұмысының басымдықтарын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.