өндіріске енген жобалар
Ғылым • Бүгін, 18:54
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Алматыда Ұлттық ғылым академиясында «Science & Business» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылымды дамыту, ғылым мен бизнесті ықпалдастыру, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған жиын Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «Жалын» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.