100 шақырымнан асты
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Атырауда салынған бөгеттер 100 шақырымнан асты
Облыс орталығында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және Ириклин су қоймасынан су ағынының ұлғаюына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соңғы алты күнде (бүгінгі мәлімет бойынша) жоспарланған 215,1 шақырымның 101,2 шақырымына жағалауды нығайту бөгеттері салынды. Айта кетсек, бастапқыда картографиялық деректер бойынша ұзындығы 105 шақырым бөгет құрылысы жоспарланыпты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың ТЖ жөніндегі жедел штаб мәліметіне сілтеме жасап.