12-мамыр
Қоғам • 12 Мамыр, 2023
«Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады» деген қазақ денсаулықтың қадірін әу баста-ақ жақсы білген. Алда-жалда басымыз ауырып, балтырымыз сыздаған сәтте ақ халатты жандарға қарай жүгіретініміз анық. Бәрімізге жан керек. Әсіресе, ел қорғаны әскери сала мамандары мен жауынгерлердің денсаулығы қатаң бақылауда болады. 12 мамыр – әлем бойынша медбикелер күні екен. Атаулы датаға орай 6636 әскери бөлімінің мебикелеріне барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.