145
Білім • 07 Қазан, 2020
145 колледж 330 мамандық бойынша студенттерді оқыту құқығынан айырылды
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Талдау нәтижелері бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берді (белгілі бір мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін құжат), деп хабарлайды Egemen.kz