180 жыл
Абай • 29 Қаңтар, 2025
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтеді.