35 жыл
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
2035 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2.5 миллионға жетеді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов елорда халқының саны бойынша Үкіметтің болжамымен бөлісті. Оның аутынша, 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,5 миллионға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 15 Желтоқсан, 2021
Желтоқсан – ұлтымыздың ар-намысы
1986 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетінің екінші курсында оқып жүрдім. Желтоқсан айының 17-сі күні, түске жақын сабақтан шыққан соң К.Маркс (қазіргі Д.А.Қонаев) және Совет (қазіргі Қазыбек би) көшесінің қиылысында орналасқан №2 жатақхана маңында жиналып тұрғанбыз. Сонда жігіттер 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумы болып, онда Д.А.Қонаевтың орынына Г.В.Колбиннің ҚКОК бірінші хатшысы болып сайланғаны туралы және қазақ жастарының наразылық шеруіне шыққандары туралы айтты. Осы кезде Совет көшесіндегі институттың бас ғимараты жағынан «бізге қосылыңдар!» - деген дауыстар естілді. Олар шеруші жастар екен, біз соларға қосылдық. Шеруші жастардың қолдарында «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр республикаға өз елінің басшысы!» - деген т.б. көптеген ұрандар бар екен. Шеруші жастар жайбарақат, көңілді, ешқандай бұзақылық іс-әрекетсіз, алаңға жеткенше «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, көтеріңкі көңіл күйде алаңға беттедік. Жол бойы біраз адам қосылып, шеруші жастардың саны әжептәуір көбейе түсті.