500 жыл
Руханият • 31 Қазан, 2021
Қазақ халқының бес мың жылдық шежіресі
Өткен апта соңында елорда төрінде орналасқан Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратында әйгілі академик, қазақ антропологиясының негізін қалаушы Оразақ Смағұлов пен оның ізбасары Айнагүл Смағұлова екеуі бірлесіп жазған және қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде жеке-жеке кітап болып жарық көрген «Қазақ халқы мен оның ататегіне орай антропологиялық очерктер» атты жаңалығы мол ғылыми еңбегінің таныстыру рәсімі өтті.