505-ші түрме
Тарих • 08 Мамыр, 2021
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес елінің басшысы Сталин Моңғолияға экономикалық қолдау көрсету мақсатында 1947 жылы «Наушки-Ұланбатыр бағытында теміржол құрлысын салу туралы» бұйрыққа қол қойды. Жұмысты ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрлігі «отанын сатқандардан» құралған «505-ші» түрмені жасақтады. Бұған жазасын өтеп жатқан 80 мың адам тартылып, теміржол құрлысын басқаруға тәжірибелі инженер генерал-майор Ф.А.Гвоздевский тағайындалды. 80 мың тұтқынның көбі соғыста немістің қолына түскен кеңестік солдат-офицерлер болса, соның 3000-ы таза власовшылар.