KAZGRAIN
Экономика • 22 Тамыз, 2021
Ұн экспортынан ұтылғалы тұрмыз ба?
Биылғы астықтың қамбаға құйылар шағында шетін бір жағдай шекені қыздырғалы тұр. Мәселе ұн экспорты туралы. Өздеріңіз білетіндей, біздегі ұнның жартысынан көбі Ауғанстанға экспортталады. Ал бұл елдегі қазіргі ахуал тым күрделі. «Боламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба?» деп өткелде тұрған Ауғанстанмен арадағы алыс-берістің жайы не болмақ? Біздегі диқандар мен экспорттаушыларды алаңдатып отырған да осы жайт.