Kundelik.kz
Білім • 24 Қыркүйек, 2020
Kundelik.kz: І-тоқсандағы алғашқы үш аптаның қорытындысы шықты
Биыл Kundelik.kz білім беру платформасының командасы жаңа оқу жылына 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында мектептердің қашықтан оқитынын ескере отырып дайындалды. Өткен оқу жылындағы тәжірибеге сүйеніп, пайдаланушылардың ықтимал жүктемесі есептелген және ІТ жүйенің қызметі әлдеқайда жақсартылып, бүкіл жүйе инфрақұрылымы 30%-ға кеңейтілді. Кеңжолақты интернеттің серверлік топқа өткізу мүмкіндігі 100% жақсартылып, жобаның ақпараттық қауіпсіздік көрсеткіштері жақсартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.