Білім • 24 Қыркүйек, 2020

Kundelik.kz: І-тоқсандағы алғашқы үш аптаның қорытындысы шықты

6022 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Kundelik.kz білім беру платформасының командасы жаңа оқу жылына 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында мектептердің қашықтан оқитынын ескере отырып дайындалды. Өткен оқу жылындағы тәжірибеге сүйеніп, пайдаланушылардың ықтимал жүктемесі есептелген және ІТ жүйенің қызметі әлдеқайда жақсартылып, бүкіл жүйе инфрақұрылымы 30%-ға кеңейтілді. Кеңжолақты интернеттің серверлік топқа өткізу мүмкіндігі 100% жақсартылып, жобаның ақпараттық қауіпсіздік көрсеткіштері жақсартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kundelik.kz: І-тоқсандағы алғашқы үш аптаның қорытындысы шықты

Осының бәрі 1-тоқсанның басында оқу үдерісі кезінде "Күнделік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) болуы мүмкін техникалық ақаудың алдын алуға мүмкіндік берді. Қазір "Күнделік" ААЖ Қазақстанның 6200 мектебіне, 356 822 мұғалім мен 3 070 723 оқушыға, сонымен бірге 2 159 270 ата-анаға қызмет көрсетіп отыр.  

"Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, Қазақстандағы білім саласына жүйелі көзқарас керек.

Тағы бір жаңалық, Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығының жаңартылуына және критериал бағалаудың 10 балдық жаңа жүйесіне орай, мұны kundelik.kz электрондық журналы мен күнделігіне енгізуде қыруар шаруа атқарылды. Мұғалімдерге арнап түсіндіру бағытындағы 30-дан аса нұсқаулықты жасап, жарияланды. Оның ішінде ҚР БҒМ жасаған оқушыларды бағалаудың жаңа жүйесі туралы ақпарат та бар. 10 балдық жүйе бойынша формативті бағалау оқушының сабақта жұмыс істеуге ынтасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге әдеттегі комментарийге қосымша оқушының сабақта жауап беруіне қосылып, тоқсан бойғы үлгерім траекториясын көрсетеді. Бұған қоса, тоқсандық БЖБ және ТЖБ түріндегі бақылау жұмыстарының нәтижесіне қосымша тоқсандық бағалау нәтижесіне де ықпал етеді.

"Аталған ұйымдастыру жұмыстары өз алдына, сонымен бірге біз оқу процесі барысында балаларды білім беру бағытындағы түрлі контентпен қамтамасыз етудің аса маңызды екенін де түсінеміз, мұндай материалдарды қайталау тақырыпты игерудің кепілі. Осыны ескере отырып, "Хабар" мемлекеттік телевизия холдингімен бірлесе отырып, kundelik.kz порталы күн сайын "Ел Арна" және "Балапан" арналарының YouTube желісіндегі бейнесабақтарын салып отырады. Бұл сабақтар 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанындағы 1–11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасын қамтиды. Бұған қосымша мұғалімдерге арнап, 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі бүкіл пән бойынша 1-тоқсанның оқу бағдарламасының конспектісін салып қойдық, оны Алматы қалалық білім беру басқармасының қатысуымен алматылық мұғалімдер жасап шығарды, –­ дейді Мұхтар Ілиясов.

"Күнделік" ЖШС бас директорының мәліметінше, 1-тоқсанның алғашқы 20 күн ішінде "Күнделік" ААЖ жүйесінде күн сайын шамамен жарты миллионға дейін пайдаланушы отырған.

"Оқу басталған 20 күн ішінде ел мектептерінде қызмет ететін педагогтар 7 978 905 сабақтың толық сипаттамасын үй тапсырмасы және сабақтағы тапсырмамен, сабақтың тақырыбымен қоса енгізіп қойды. Орта есеппен алғанда, жүйе секундына 15-17 мың пайдаланушының кіруіне төтеп берді. Айта кететін бір жайт, осы күнге дейін kundelik.kz жүйесіне бірнеше рет қасақана DDoS шабуыл жасалды, олардың мақсаты жүйенің жұмысына кедергі келтіріп, жобаның беделіне нұқсан келтіру болғаны белгілі. Алайда біз ҰҚҚ мемлекеттік техникалық қызметі (МТҚ), "Қазақтелеком" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мамандарымен қоян-қолтық жұмыс істеудің және өзіміздің техникалық командамыздың кәсіби деңгейінің арқасында мұның бәріне төтеп бердік. Жүйе қалыпты режимде жұмыс істеді, "Күнделік" жүйесін пайдаланушы жүздеген мың адам ұсынылып отырған қызмет сапасының нашарлығын байқаған жоқ.

Өткен оқу жылының басымен салыстырғанда, Қолдау қызметіне өтініш айтушылар саны 2 есеге дейін артты. Пайдаланушылар тарапынан түскен өтініштерге анализ жасай келе, олардың барлығын әдеттегідей сабақ кестесін құру және мектептегі оқу жүктемесін жоспарлау мәселесі қызықтыратынын түсіндік. Мұның себебі, бірқатар мектептің әкімшілігі сабақ кестесін күні бұрын жасап қоймаған. Жалпы бұл әрқашанда кез келген оқу жылының басында болатын жағдай. Дегенмен, пандемия кезеңінде кезекші және қашықтан оқитын сыныптарды дайындау жаңа сынақ болды. Осыны ескере отырып, мектеп әкімшілігіне сыныпқа бөлу мәселесін оңтайлы шешуге, ал мұғалімдерге сабақ жоспарын жасап, күнделікті үй тапсырмасын салып отыруға мүмкіндік беретін шешімді ұсындық.

"Білім беру процесіне жүйелі және стандартқа сай көзқараспен қарағанда ғана тиімді жұмсауына қол жеткізуге болады. "Күнделік" жүйесінің мақсаты да осы. Төрт жылдан бері бізбен бірге жұмыс істеп келе жатқан оқытушыларға өзара түсіністік және қолдауы үшін алғыс білдіреміз", – дейді Мұхтар Ілясов.