Medsupport.kz
Қазақстан • 07 Маусым, 2021
Ғалымдар Medsupport.kz қауымдастығына QazVac туралы жауап қайтарды
Бұған дейін Medsupportkz ұйымы әлеуметтік желіде қазақстандық вакцинаны алуға кеңес бере алмайтындарын жазып, вирусты өлтіруде формальдегидті қолдануға күмән келтірген еді. Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институты QazVac вакцинасы туралы Medsupportkz қауымдастығының жарияланымына пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.