Scopus
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
«Scopus сүріндіріп тұр»: ғалымдар кейбір талаптарды қайта қарауды сұрады
Бірнеше жыл бұрын Scopus деректер базасына гуманитарлық салалалар бойынша, соның ішінде ұлттық мәселелерге қатысты ғылыми мақалаларды жариялаудың қажеті жоқ, бұл талапты алып тастасақ деген ұсыныс айтылып, қызу талқыланған еді. Жақында осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 7 бұйрығы жарық көрді. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қаңтарда № 31654 болып тіркелген). Онда қазақ тілі мен әдебиетіне, қазақ филологиясына, Қазақстан тарихына, қазақ философиясына қатысты білім беру бағдарламалары бойынша оқитын докторанттар үшін Scopus (Скопус) деректер базасындағы журналдарға мақала жариялау міндетті емес делінген. Сол сияқты, ғалымдар журналистика, саясаттану, философия секілді салалар үшін де аталған талап күшін жойғаны жөн дейді.