Senat Open ашық кубогі
Шахмат • 18 Маусым, 2024
Senat Open шахмат турнирі: Финалға алғаш жеткендер анықталды
Бүгін Сенаттың шахмат бойынша Senat Open ашық кубогінің жартылай финалдағы бес турнирінің алғашқысы Шымкентте өтті. Сенат шеңберінде Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.