Фото: А.Байжұманов
Шымкент қаласы және Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген облыстық деңгейдегі 100 жеңімпаз «Оңтүстік» өңірдегі үздіктерді анықтау үшін аталған қалаға жиналды. Ашылу салтанатына қаланың, мәслихаттың және KazChess филиалының басшылығы қатысты. 9 турда өткен жедел ойынның нәтижесі бойынша Senat Open ашық финалына қатысатын 25 өкіл анықталды.
Айта кетсек, іріктеу турнирлері 21 сәуірден бастап 15 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада өте бастаған болатын. Әр өңірдің үздік 25 ойыншысы аймақтық тұрғыда өтетін жартылай финалдың бірінде, атап айтқанда, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, шығыста, орталықта ойнауға құқылы болды. Тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда 200-ге жуық адам сайысқа түседі. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам келеді.