Әлеует
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев еліміздің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша инновацияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2024
Жас ғалымдар аграрлы өңірдің әлеуетін көтермек
Жетісу – аграрлы өңір болғандықтан ғылымға бет бұрған жас ғалымдар ауылшаруашылығына қажетті өнімдерді зерттеп жатыр. Бұл игі іспен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жанынан құрылған биотехнология және экологиялық ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр. Орталық дәнді дақылдардың жаңа түрін ойлап тауып, экологиялық таза сүт өнімдерін әзірлемек. Біз осы орайда оқу орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайттық.
Қазақстан • 12 Шілде, 2022
Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында спикерлер автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту мен магистралды бағыттардағы жөндеу жұмыстары мен көлік-логистикалық саласының маңызы жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілеме жасап.
Саясат • 20 Қаңтар, 2022
Әлеуметінің әлеуеті мықты Эстония
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтің әлеуетін жақсартып, халықтың қалтасын қалыңдатуды тапсырды. «Қаңтар қасіретінің» негізінен күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен кейбір мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі, нақты айтқанда, олқылығы салдарынан болғанына тоқталды. Қираған қаланы қалпына келтіру, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру қыруар шаруа екені түсінікті. Осы орайда, бізбен бір қатарда егемендігін алған мемлекеттер арасында бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен, әлемге үлгі елдер бар. Соның бірі – әлеуметінің әлеуетімен мақтанатын Эстония.