Редакция таңдауы
Равиль ШЫРДАБАЕВ: Алдағы уақытта да мұнай мен газ өзектілігін жоймайды
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевтың өмір жолы өнегеге толы. Шалғайдағы ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласы талай белесті бағындырды. Түрлі жоғары лауазымды қызметті абыроймен атқарды. Отандық мұнай саласын жаңаша дамытты. Дипломатия саласында да қолтаңбасын қалдырды. Парламент төрінде елдің сөзін сөйледі. Ғылым биігіне көтеріліп, экономика ғылымдарының докторы, профессор атанды. Қысқасы, айтулы тұлға ел тәуелсіздігінің іргесін нығайтуға сүбелі үлес қосты. Біз Равиль Тәжіғараұлымен өмірі мен еңбек жолы, еліміздегі мұнай саласының дамуы мен тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосқан кезеңдерге тоқталып, әсерлі әңгіме өрбіткен едік.
24 Мамыр, 2025
Жөндеуге емес, күтіп ұстауға мән берсек...
Сенатта өткен кезекті Үкімет сағатында жол мәселесі қаралды. Депутаттар елдегі автомобиль жолдарының қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды.
24 Мамыр, 2025
«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген сөз жапон инженері Цутому Ямагутидің өміріне дәл келеді.
24 Мамыр, 2025
Абай Құнанбайұлының шығармаларын хатқа түсіріп, бүгінге жеткізген адам – Мүрсейіт Бікеұлы. Осы кісінің бір беттік жазбасы 1957 жылы жазушы Мұхтар Әуезовтің бастамасымен Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институты әзірлеуімен Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген ақынның екітомдық толық жинағының І томының 209-бетіне жарияланыпты (суретте).
24 Мамыр, 2025
Қытай корпорациясымен бірлескен жобалар талқыланды
Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) президенті Хоу Цицзюньмен жұмыс бабындағы кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2025
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшісі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2025
Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2025
Бүгін – Кемел Ақышев дүниеге келген күн
Тұп-тура 101 жыл бұрын қазақ археологиясының атасы атанған ғалым, «Алтын адамды» алғаш тапқан археолог, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышев дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2025
Әншейінде түрме деген суық сөз денеңді тітіркентетіні бар. Сұрқай көріністің ішінде түнектің түндігін түретін сұлулық та бар. Ол – осы жерде қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер.
23 Мамыр, 2025
Ерекше жеткіншекке – қапысыз қамқорлық
Өркениетті қоғам ерекше балаларды алаламай, мүсіркемей, қорған болып, қолдау көрсетуге тиіс. Оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды ерте жастан ата-ана, мемлекет қолдаса, олардың өмірге бейімделуіне мүмкіндік артады.
23 Мамыр, 2025
«Келешек мектептердің» қатары көбейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлердегі үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесін түбегейлі шешуді көздейді. Президент аталған санаттағы білім нысандарының мәселесі 2025 жылы толықтай шешімін табуы тиіс екенін бірнеше жыл бұрын шегелеп тапсырғаны баршаға белгілі.
23 Мамыр, 2025
Ақпарат кеңістігіне енген күннен бастап ұлттық баспасөздің туын абыроймен арқалап келе жатқан республикалық «Ana tili» газеті ойлы оқырманның айнымас сырласына айналды. Ел тарихы мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты өткір мәселелерді батыл көтеріп жүрген оның әр саны елдік мүдде мен ұлттық болмыстың үнпарағы десек, артық болмас. Алматыдағы бас кітапханада басылымның 35 жылдығына арналған «Егемендік пен елдіктің еңселі мінбері» атты дөңгелек үстел өтіп, газеттің ұлт руханиятындағы рөлі, егемендік жылдарындағы ақпараттық-рухани күрестегі орны мен болашақ бағдары байыпталды.
23 Мамыр, 2025
Көрші елмен сауда-экономикалық ынтымақтастық артады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімді ратификациялап, депутаттық сауалдарын жолдады.
23 Мамыр, 2025
Орасан ойдың Олжасы немесе бір дана кітап туралы
Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, алдаспан ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына, қайраткерлігіне қатысты ертелі-кеш жазылған дүниелер, телерадио хабарлары шоғыр-шоғыр. Шетелдік белгілі ақын-жазушылардың, әдебиет зерттеушілерінің Олжастың түркі таңбалы шығармашылығына назар аудармағандары кемде-кем. Сол жазбаларда қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар ақынның өнегелі өмірбаяны барынша жазылды, айтылды.
23 Мамыр, 2025
Астанадағы №109 орта мектепте «№109 мектепке – 109 күн!» атты мерекелік іс-шара өтті. Жаңа оқу ордасы осы жылдың қаңтар айында ашылған еді.
23 Мамыр, 2025
Көктем шыға еліміздің барлық аймағында жастар, еңбек ұжымдары бастап, қала, аудан тұрғындары қостап, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды. Тұрғындар ағаш егіп, өз аулаларын абаттандырды, күл-қоқысын шығарды. Тазалаққа шақыратын жалпыхалықтық акциядан Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының тұрғындары да шет қалмады.
23 Мамыр, 2025
Сыр бойынан солтүстікке көш келеді
Еліміздегі еңбек күшін реттеу мақсатында оңтүстіктен тұрғындарының қатары сиреген солтүстік пен шығыс өңірлерге қоныс аудару бағдарламасының жүзеге асып жатқанына да бірнеше жылдың жүзі ауды. Осы бағдарлама аясында жаңа қонысқа тұрақтап қалғандар қатары да аз емес. Биыл да Сырға солтүстіктен мамандар келіп, бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.
22 Мамыр, 2025
Оқу жылы қалай қорытындыланды?
Оқу жылы қашан аяқталады? Қорытынды емтихандар қай кезде болады? Халықаралық сайыстардан қандай жетістігіміз бар? Осы сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Оқу-ағарту министрлігі өкілдері жауап берді.
22 Мамыр, 2025
«Келешек мектептері» – озық білім мен тең мүмкіндік
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
22 Мамыр, 2025
Медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілмек
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Атап айтсақ, дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны, Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібінде инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау мәселелерін қарастыратын заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
22 Мамыр, 2025