Редакция таңдауы
Елімізде кәсіптік-техникалық білім беретін 772 ұйым бар, онда 565 мың студент оқиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды даярлауға басымдық беру керегін айтты. Өйткені олардың ертең-ақ оқуын тәмамдайтынын ескерсек, түлектер жұмыссыздардың емес, жұмысшы мамандық иелерінің қатарын толықтыруға тиіс. Сонда еңбек нарығында жұмысшыға тапшылық болмайды.
27 Наурыз, 2025
Жұмысшы мамандығына жаңа көзқарас
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік және техникалық білім беру саласын жаңғыртуға баса назар аударды. «Мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Жастардың мүмкіндігін арттырып, кәсіби бағыт-бағдар беруге баса назар аудару қажет. Бұл – барлық өңір басшыларының міндеті», деді Президент. Расымен, ең әуелі қоғамда жұмысшы мамандығына деген көзқарас өзгерсе, жастардың да осы салаға қызығушылығы арта түспек. Әйтпесе колледжде оқып жүріп-ақ, шетелдегі байқауда топ жарып, халықаралық сарапшы атанған студенттеріміз баршылық. Олар оқуды аяқтай сала, жұмысқа орналасып, жоғары жалақы алып жүр. Өйткені бұл мамандықтарға әрдайым сұраныс бар. Сөзіміздің дәлелі – бүгінгі кейіпкерлеріміз.
27 Наурыз, 2025
Сахна өнері: сан мен сапа қайтсе үндеседі?
Қазіргі қазақ театры дегенде, сахна өнерінің бүгінгі аяқ алысы мен даму үдерісі әсте естен шығуға тиіс емес. Қуанарлығы сол, заманауи Қазақстан театр өнері уақыт талабына сәйкес жаңғырып, жаңа бағыттарды игеріп келеді. Оның айқын дәлелі – «Театр сыншылары бірлестігінің» өткен жылы жүргізген мониторинг қорытындысы.
27 Наурыз, 2025
Көркем гимнастикадан қоржынға тоғыз алтын түсті
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz ұлттық олимпиадалық комиеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Наурыз, 2025
Ақмоланың 10 ауылында медициналық нысандар салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Наурыз, 2025
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды
Балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2025
Перзентхана дәрігерлерінің жалақысын көтеру қажет - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н.Сәрсенғалиев кейінгі 6 жылдағы ана мен бала өлімінің деректеріне тоқталып, салада саралануы тиіс күрмеулі мәселелерді айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Наурыз, 2025
Кирилл Герасименко Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды
Астаналық теннисші Алматыда өткен үстел теннисінен ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
24 Наурыз, 2025
Қолөнер қазынасы сақталған мекен
Шулы қаланың беймаза тірлігінен бір сәт бой сергітіп, Алма-арасан шатқалын бетке алдық. Тау баурайындағы жетпіске жуық түтіні бар аядай мекен «Шеберлер ауылы» деп аталады. Бағзыдан қалған баба мұрасын бүгінге жалғап, темірден түйін түйген ұсталар, ағаш пен тері шеберлері тұрады мұнда. Шаруасы шалқып жатпаса да, атакәсіптің алтын арқауын үзбеген азаматтар ұлттық құндылықтарымыздың шынайы жанашырлары.
22 Наурыз, 2025
Соңғы ширек ғасырда Наурыз мейрамының тарихы мен тағлымы хақында көп жазылып жүр. Десек те әлі бірізділік байқалмайды. Өйткені бұл мейрамның ғұрыптық негізінің әуелгісі, қара жердің бауыры жібіп, тоңы еріп, жеті қат терең өзегіне нәр жүгірген сәті болса, екінші маңызы – күн мен түннің теңелуі.
22 Наурыз, 2025
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм аймақтардың дамуына серпін беретін салаға айналуға тиіс екенін атап өтті. Өңірлерде өтетін елішілік һәм халықаралық іс-шаралар сол өңірдің туристік әлеуетінің артуына ықпал ететінін айтты.
21 Наурыз, 2025
«Наурыз жұмыскердің» алғашқы пәтері
Жұмысшы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен бірінші болып Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінің инженер-конструкторы Данияр Асанов үйлі болды.
21 Наурыз, 2025
Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы Наурызнама
Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама. Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ Қазақ зиялыларының шығармаларына көз жүгіртсек, ертеде Наурыз сегіз күн тойланған екен. Оны «Наурызнама» деп атаған. Бұған Мәшһүр Жүсіптің: «Жиырма тоғыз жасымда Бұқари шәріпте Ғабдолла ханның Наурызнама тойының ішінде сегіз күн болдым» деген сөздері дәлел болмақ. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақта тойлау да дәстүрге айналған. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Наурызнаманың негізгі көркі жастар, ұйымдастырушысы ауқатты адамдар, берекесі ауыл ақсақалдары, ырзығы ақ дастарқан болған. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнiн кiргiзедi. Ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Наурыз күнi думан-тойды аталарымыз Наурызнама атаған.
21 Наурыз, 2025
«Салт-дәстүр жаңғыратын мереке»
Наурыз – түбі бір түркі халықтарына ортақ мереке. Осыған орай іргелес жатқан ағайын ел Қарақалпақстандағы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты Қарақалпақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының докторы Сәрсенбай Қазақбаевқа хабарласып, Наурыз мерекесі туралы аз-кем әңгімеге тартқан едік.
21 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады
Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Наурыз, 2025
Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді
Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Наурыз, 2025
20 наурыз елімізде Наурызнама онкүндігіне сай Ұлттық спорт күні тойланады. Ұлттық спорт - тек білек пен күштің сыналатын алаңы емес, баба тынысынан хабар беріп, елдік рухты көтеретін ұлт ұстыны, деп жазады Egemen.kz.
20 Наурыз, 2025
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Наурыз, 2025
Наурызнаманың бүгінгі мерекесі
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Наурыз, 2025