Пікірлер .
Бүгінде балабақшаға баратын жасқа толса да тілі шықпай былдырлап жүрген бөбектердің көбейіп жатқаны жиі байқалады. Бала дамуындағы бұл кідірістің ең негізгі себебінің бірі – гаджеттердің кері әсері. Белең алып бара жатқан жағдайды айтып қанша жерден байбалам салғанымен, бұған қатысты әлі нақты байлам жоқ. Технологияның ықпалынан туған қоғамдағы осынау өзгерістер әлеуметтану ғылымында мәдени кешігу деп сипатталады.
29 Мамыр, 2022
«Мұғалім – мектептің жүрегі». Жүрек әу бастан тазалық, адалдық, ізгілік сияқты қасиетпен астасқан ұғым ретінде қалыптасқандықтан, ұстаздарды дәл осындай сипатқа лайық көріп, қадір тұтамыз. Бірақ кейінгі кездері кейбір мұғалімдердің біліктілігін көрсетер тұста қараулық жасап, беделіне нұқсан келтірер әрекетке баруы тазалықпен тұтасқан тұлғаға деген түсінігімізге сызат түсіріп жүр.
13 Сәуір, 2022
«Ұстаз деген шәкіртінің шырағын жаға білуі керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым». Бұл – өзіміз жақсы білетін «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың бала кезімізден құлағымызға сіңісті болып кеткен сөзі. Дәл осылай өзін жазғыратын Рахманов ағай біздің санамызда шәкірт алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін нағыз ұстаздың бейнесінде сақталып қалған. Оқушы күнімізде мейір-шапағатын төгіп, сабағын ынты-шынтысымен, ерекше ықыласымен беретін мұғалімімізді Рахманов ағайға ұқсатып жақсы көретінбіз. Қазір осындай ұстаздар бар ма екен?
17 Ақпан, 2022
Қоғамдық құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғалғанда, бұрынғымен салыстырып қарап, бүгінгіге көбіне көңілтолмаушылық байқалып жататыны бар. Мұндайда «Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?» дейтін жаттанды сауалдың қойылуы да заңдылыққа айналғаны қашан?! Қалай дегенмен де заманды жасайтын да, заманда жасайтын да адам. Ал уақыт өткен сайын буын алмасып, жаңа адамдар, жаңа көзқарастар туады.
04 Қараша, 2021
Ел басына күн туған қандай қиын-қыстау заман болсын, қазақ халқының қайырымды, қамқор қалпынан айнымағанына тарих куә. Алапат індет шартарапты шыр айналдырған қазіргі шырғалаң шақта да болмысымызға біткен шарапатшыл, мейірбан сияқты асыл қасиетімізден ажырап қалмағанымызды көріп отырмыз. Ағайынның ғана емес, адамзаттың амандығы қайғы болып тұрған алмағайып кезеңде жақыныңа жанашыр болу құр ұран күйінде қалмай, іс жүзінде ізгі амалдарға бастап жатқаны рас.
26 Шілде, 2021
Қазіргі қоғамның аса қауіпті құбылысы – асыл жастығын тәрк етіп, ана дүниеге асығатындардың қатары азаймай тұрғаны. Екі күннің бірінде жанын қиып, жантәсілім еткен жағдайды ести-ести етіміз де үйреніп барады. Жақында ғана жария болған жыл басынан бері 84 жасөспірімнің өзіне өзі қол жұмсағаны туралы хабар жанымызды түршіктірді. Айдың-күннің аманында осыншама жас өмірдің қиылуы – үлкен қасірет.
15 Маусым, 2021
Жер-жаһан, адамзат тұтастығының, тыныштығының сақшысы – мейірім. Бұл, әлбетте, әуелден естіп жүрген «Әлемді мейірім құтқарады» деген ұғыммен үндес екені анық. Ал осы мейірім тұнған мекен, бейбітшілік бесігі – отбасы. Сондықтан бүкіл дүниенің бүтіндігіне басымдық беретін БҰҰ 1993 жылдан бастап 15 мамырды халықаралық отбасы күні деп бекіткен.
14 Мамыр, 2021
Бүгінде «екі қолға бір күрек» іздегендердің алдынан осындай хабарландыру көптеп кездесіп жатады. «Іздегенге – сұраған» дегендей, сұранысқа сай айналамыздан курьер болып күнелтіп жүргендерді жиі байқаймыз. Расында, ел басына індет қаупі төніп, емін-еркін жүріс-тұрысымыз шектелген шырғалаң шақта үйден шықпай, курьер қызметіне жүгінуді жөн көре бастадық.
19 Ақпан, 2021
Бала – біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын болуы үшін балдырғандардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету маңызды. Бүгінде баланың алаңсыз білім алуына, дүниетанымын, қарым-қабілетін дамытуға жағдай жасау және қолайлы қоршаған орта қалыптастыру болашаққа салынған тиімді инвестиция ретінде бағаланады. Өкінішке қарай, бұл игіліктен балдырғандардың көбі құр қалып жатады.
28 Қаңтар, 2021
Кесапат індет келіп, қоғамның талай кертартпа кем-кетігін көрсетіп берді. Әсіресе карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің зорайып бара жатқаны қатты байқалды. Бұл ретте жұбайына жұдырық жұмсаған жағдай ғана жұртқа жиі аян болып жатады. Ал күш қолданбай-ақ серігінің санасын сансыратып, күн бермейтіндер де көптеп кездеседі.
23 Қазан, 2020
Әлемді әбігерге салған індеттің қарқынын әзірге әлеуметтік арақашықтық сақтап қана әлсірете аламыз. Шарасыздан жасалып жатқан бұл қадамның кері әсері – оқшауланған жұрттың қарым-қатынасын онлайн байланыс қамтамасыз етіп, интернетке тәуелділік шамадан тыс асып кетті. Сондықтан гаджеттен қашықтық ұстаудың да маңызы арта түсті.
23 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік тіл: Естір құлақ есті болса...
Бұқара мен билік арасының алшақтап кеткенін айқындаған шетін жағдайлар дер кезінде көпшіліктің тілінде диалог орната алмаған шенеуніктерге әжептәуір сын болғаны анық. Онсыз да оңалмай тұрған істі, қоғамның олқы тұсын қозғағанда мемлекеттік қызметшілерді мінеу азайған емес. Алайда ел ісін үйлестірер мемлекетшіл тұлғаның мемлекеттік тілге келгенде мүлт кетуіне болмайды.
28 Мамыр, 2020
Қаншалықты қисынды екенін қайдам, қазіргі біздің қоғам «қазақты не құртады?» деген қыңыр сауалмен бас қатырып, қызылкеңірдек болып қырқысып жатады. Ортаға осындай сұрақ тасталғанда таласып, тартысып отырып, жіпке тізгендей талай кертартпа кем-кетігіміз түгенделіп қалады. Таяқтың бір ұшы тоқмейіл пейілді тәубешілдігімізге келіп тиеді.
27 Наурыз, 2020