«Ұстаз деген шәкіртінің шырағын жаға білуі керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым». Бұл – өзіміз жақсы білетін «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың бала кезімізден құлағымызға сіңісті болып кеткен сөзі. Дәл осылай өзін жазғыратын Рахманов ағай біздің санамызда шәкірт алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін нағыз ұстаздың бейнесінде сақталып қалған. Оқушы күнімізде мейір-шапағатын төгіп, сабағын ынты-шынтысымен, ерекше ықыласымен беретін мұғалімімізді Рахманов ағайға ұқсатып жақсы көретінбіз. Қазір осындай ұстаздар бар ма екен?
Расында, қанша буынға ес болған, қанша ұрпақ көріп өскен осынау классикалық кинодағы ұстаз образын шынайы өмірден іздейтін едік. Біз оқыған ауылдағы мектепте қиялымызға қанат бітіріп, арманымызды шығарма етіп жаздырған бастауыш сыныптағы ұстаздың, сондай-ақ ежелгі дәуір тарихын ертегідей елітіп түсіндіретін тарихшы ағай мен жер шарының небір кереметіне қызықтырып географиядан сабақ берген ағайдың бойынан Рахманов ағайға тән қасиетті байқаушы едік. Ауылдағы құрдастарым, бізден бұрын-кейін оқыған замандастарым әлі күнге дейін осындай ұстаздардың алдын көріп, білім алу несібемізге бұйырғанына ризашылық білдіріп, айтып жүреміз. Ойлап қарасақ, бізге әр сабақтан өз пәнін жетік білетін, оқушының жүрегіне жол таба білетін білімді де білікті мұғалімдер сабақ берген екен. Ал бүгінгі таңда бұл ұстаздарымыздың орнын кейінгі толқын мұғалімдер басқан. Бірақ ол аяулы ұстаздарымыздың орнын басты деп аузымызды толтырып айта да алмаймыз. Өйткені қазір мектепте кезінде өзімізбен қатар оқыған және қатырып оқымаған қатарластарымыз сабақ беріп жүр. Өкінішке қарай, бұл – бүгінгі таңда жалпылама сипат алып кеткен, көп ауылға тән жағдай.
Жалпы, жүрген жерімізде, әлеуметтік желілерде қазіргі мұғалімдердің біліміне, сауатына қатысты сынды жиі естіп-біліп жүрміз. Пандемия кезінде мектептер онлайн білім беруге көшкенде біраз ата-ана мұғалімдердің уатсаптағы жазуынан-ақ сауатының нашар екенін байқап, шошынып қалған жағдайлар да болды. Бұл ретте сауатсыз жазатын мұғалімнің балаға қандай білім беретіні көпшілікті әжептәуір алаңдатқаны рас. Кейінгі жылдары қоғамда мұғалім мәртебесінің төмендеп кеткені, мардымсыз еңбекақы осы мамандықты таңдайтындардың қатарын азайтып жіберген еді. Соның салдарынан мектептерде мұғалім жетіспей, бұл педагогтердің сапасына да әсер етті. Әсіресе мұғалім тапшылығы қатты сезілетін ауыл-аймақтарда білім сапасы айтарлықтай түсіп кетті. Ал ауылдағы кейбір мұғалімдердің деңгейі көбіне-көп талапқа сай келе бермейді. Дипломын сатып алған, оқыған мамандығына сәйкес келе бермейтін пәннен сабақ беріп жүрген мұғалімдердің барын және аз емес екенін естіп қаламыз.
Ендігі уақытта аса маңызды білім беру саласына қатысты бұл мәселе жіті назарға алынып, қажетті іс-шаралар қолға алынбақ. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде ауыл-аймақтарға үздік мұғалімдерді тарту жөнінде тапсырма берді. «Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру – сөзсіз басым бағыт. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Мұғалім – мектептің жүрегі». Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын əзірлеуді тапсырамын», деді Президент.
Бүгінгі таңда елімізде 366 666 мұғалім бар болса, оның жартысынан көбі, дәлірек айтқанда, 209 391-і ауылдық мектептерде жұмыс істейді екен. Сондықтан білім сапасын көтеру мәселесінде ауылдағы мектептердің деңгейіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл үшін Президент айтқандай, ауылдарға үздік мұғалімдерді тартудың маңызы зор. Сөз басында атап өткен «Менің атым Қожа» фильмінде Қожаның «Шіркін-ай, барлық адам баласы Рахманов ағайдай болса, өмір тіпті тамаша болар еді» деп дәптеріне арманын жазатын тұсы бар. Осы арман әлі де өзекті.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар