Бүгінде «екі қолға бір күрек» іздегендердің алдынан осындай хабарландыру көптеп кездесіп жатады. «Іздегенге – сұраған» дегендей, сұранысқа сай айналамыздан курьер болып күнелтіп жүргендерді жиі байқаймыз. Расында, ел басына індет қаупі төніп, емін-еркін жүріс-тұрысымыз шектелген шырғалаң шақта үйден шықпай, курьер қызметіне жүгінуді жөн көре бастадық.

Пандемия бүкіл әлемде еңбек нарығына әжептәуір ықпал еткені анық. Қолданушылардың анонимді түрде өздері жұмыс істейтін ұйымдары туралы мәлімет алмасуына мүмкіндік беретін Glassdoor.com сайтының зерттеуінше дүние жүзінде уақытша сұраныстағы жұмыстың көбі ретейл компаниялардан табылады екен. Яғни бұл – электронды сауда компаниялары. Індет тудырған дағдарыс әсерінен жұмысынан айырылған брондау менеджері, көлік агенті, шоу продюсері, конференция ұйымдастырушысы сияқты мамандар осындай компанияларға жұмысқа тұрып, нәпақасын тауып жүр. Әрине, бұл ретте онлайн-сауда көрігінің қызуына тұтынушы тарапынан кез келген тауарды жеткізуге сұраныстың артуы себеп болғаны түсінікті.
Еңбек нарығындағы мұндай өзгерістер біздің елімізде де кең сипат алып отыр. Індет қос бүйірден қысқан қиын шақта жұмыссыздардың қатары көбейіп, біраз шаруа тұралап қалды. Дегенмен кейбір мамандарға сұраныс та артты. Айталық, Электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер жыл басынан бері 300-ге жуық курьерлік қызметке хабарландыру жариялапты. Ал HeadHunter.kz порталында бір айдың ішінде 250-ге тарта курьер іздепті. Олардың қызметі ретінде қағаз-құжат жеткізуден бастап, түрлі азық-түлік, көлеміне қарай басқа да тауарларды тасу көрсетілген. Соған сәйкес жалақылары да әртүрлі. Ең азы 50 мың теңгеден басталып, әрісі 300 мың теңгеге дейін жетеді екен. Егер курьерлік қызметті велосипедіңізбен көрсетсеңіз, жалақыңызға тағы ақша қосылады. Ал өз көлігіңізбен қызмет етсеңіз, кемі 150 мың теңгеден бастап одан екі есеге дейін айлық ұсынылады. Бірақ күнкөріс қамымен курьерлікті қолай көргендердің көбі ақысын күн сайын алып тұрғысы келеді. Бұл үдеден шығатын жұмыс берушілер де жетерлік, яғни курьерлерге күнделікті жұмысының көлеміне қарай ақысын есептеп береді әрі белсенді жұмыс істесе, қосымша бонуспен ынталандырады. Осылайша, жұмысшылардың бәсекеге қабілеті артады, табысы да молаяды.
Басында айтқанымыздай, қазіргі таңда қолымызды ұзартқан курьерлердің көмегіне жиі жүгінеміз. Азық-түліктен бастап киім-кешек, құрал-саймандарға дейін онлайн-дүкендер арқылы алдыратын болдық. Үйімізге бірнеше рет керегімізді жеткізіп жүріп, жүзтаныс болып қалған курьерлердің бірін әңгімеге тартып көріп, бұл қызметтің де жайына шамалы қанықтық. Өзін Талғат деп таныстырған жігіт курьер болмай тұрып, қалада біршама уақыт такси болып жұмыс істеген екен.
«Бұрын бір мекемеде жұмыс істегенмін. Бірақ айлығы шайлығыма жетпей, ақыры такси болғанды дұрыс көрдім. Содан өз еркім өзімде, тақымымда темір тұлпарым, қалаған уақытымда жұмысқа шығамын, клиент табуға таптырмас құрал болатын мобильді қосымшалар бар. Солай таксилетіп жүрген кезімде арасында кейбір кісілер азын-аулақ затын белгіленген жерге уақытында жеткізіп беруді сұрайды, ақысы қанағаттанарлық. Оның үстіне жолай тағы жолаушы алып аламын. Сөйтіп, курьерліктің шет жағасын біле бастадық. Кейін карантин күшейгенде осы салаға біржола ауыстым. Өйткені үнемі тапсырыс бар, ақысы да әжептәуір. Басында аздап ыңғайсызданып, ар санайтын сияқты едім. Бірақ «қысыла-қысыла қыз болдық» дегендей, қысылтаяң кезеңде бұған да көндіктік. Нан табу керек, жан бағу керек», дейді ол.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының 1 ақпандағы мәліметі бойынша елімізде 172 мың жұмыссыз тіркелген. Індет қаупі төнген күрделі кезеңде жұмысынан шеттетіліп, табысынан айырылғандар көбейіп, мемлекет тарапынан ондай азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Өткен жылы жұмыссыз қалған 99 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік төлем үлестірілді. Алайда мемлекет қолдайды деп қол қусырып қарап отырмай, өз бетінше қарекет етіп жатқан жандар көп. «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» дегендей, қым-қуыт тіршілікте тырбаңдап тірлігін жасап, нәпақасын тауып жүргендердің еңбегі адал. Осы ретте біз сөз еткен курьерлікті көп адам уақытша жұмыс ретінде қарастырады. Олардың көбінің жоғары білімі бар немесе өзінің кәсібилігіне күмәнмен қарайды. Сондықтан мұндай мамандардың мейлінше өз ісін табуына септесу маңызды. Бүгінде сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, қайта даярлау курстары баршылық. Қалай дегенмен, тұрақты жұмыс – түзу тұрмыстың кепілі.
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыда нәрестесін тастаған «көкек ана» іздестіріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 804 адам анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Руханият • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:39
Руханият • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар