Оқи отырыңыз
Әлемдік премьераның Алматыдағы жаңғырығы
Алматыда Disney студиясының «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Бұл – Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» үшінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы биыл «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.
25 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Жанармайдың жаңа түрі
Қытай ғалымдары кәрізге жиналған қалдықтардан авиациялық биожанармай өндіріп жатыр.
25 Желтоқсан, 2024
Аз да, көп те деп айтуға болмас, келер көктемде, Орынбасар әже Құдай қаласа, 90 жасқа толады екен. Көпті көргені рас. Замандастары тәрізді ерте есейгендердің бірі болды. Бес-алты жасында әкесінің қасында жүріп, егін жинауға көмектесті. Бүгінгілерді сендіру қиын болса да, өмірдің ақиқаты сондай еді. Он бес-он алтыға келгенде, «Артельге» ресми түрде «Тігіншінің үйренушісі» болып жұмысқа орналасты. Содан қашан заңды еңбек демалысына шыққанша тыным тапқан жоқ.
25 Желтоқсан, 2024
Қазақстан теннисшісі Еуропада жыл үздігі атанды
14 жастағы отандасымыз теннисші Аңсар Ниетқалиев Еуропалық теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетел ойыншысы» (ЕО елдерінен тыс) марапатына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Желтоқсан, 2024
Тәртіпсіз бала түнде қаңғырады
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шара мақсаты оқушылар арасында жасөспірімдер қылмысының және құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу екені анық.
24 Желтоқсан, 2024
«Бурабай» паркінде сілеусін фототұзаққа ілінді
«Бурабай» ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсіп қалды. Видео ұлттық парктың Instagram-парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Желтоқсан, 2024
Атырау облысында төрт түлікті ұрлау әлі де сейілмей тұр. Жергілікті полицейлер жыл басынан бері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығына қатысты 27 қылмысты ашып, 7 адамнан құралған 1 қылмыстық топты ұстады. Жоғалған 70 малды иелеріне қайтарды.
24 Желтоқсан, 2024
Тұман түсіп, көктайғақ болады: бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сейсенбі, 24 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Желтоқсан, 2024
Көрші елдің бизнес климаты қандай?
Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азияда жаңа экономикалық кластер мен экономикалық қуатты өңірді құруға жағдай жасайтын қатынастар қарсаңында тұр. Бұл туралы өзбекстандық тауар өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы аясында өткен Өзбекстан-Қазақстан халықаралық бизнес-форумында айтылды.
24 Желтоқсан, 2024
Бурабайға жылдам жеткізетін пойыз
Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана – Бурабай бағытында қатынайтын жаңа туристік электр пойызы жолға шықты. Елімізде құрастырылған пойыз екі аралықты 2 сағат 26 минутта жүріп өтеді.
24 Желтоқсан, 2024
Маңғыстау облысының басшылығы жалпы даму деңгейін тұрақты назарда ұстап, өміршең жобаларды жоспарлау арқылы мәселелерді шешудің тың жолдарын іздеумен келеді. Соның нәтижесінде бұл бағыттағы атқарылған, атқарылатын істер мардымды әрі маңызды. Облыстың биылғы он бір айдағы экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы мәлімет те осы ойды нақтылай түседі.
24 Желтоқсан, 2024
Шағын аудандағы заманауи балабақша
Қостанайдағы «Юбилейный» шағын ауданында 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Бұл – кейінгі он шақты жыл ішінде еңсе тіктеген жаңа шағын ауданда салынған алғашқы балабақша.
24 Желтоқсан, 2024
Медициналық мекемелердің саны артты
Жыл соңына дейін Ертіс-Баян өңірінің ауылдарында жаңадан 30 емдеу мекемесі іске қосылады. Нәтижесінде, 15 мыңнан аса адам сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді.
24 Желтоқсан, 2024
Сарыбастаудың сәнін кіргізген кешен
Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Алматы облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бой көтерген нысанды бас мердігер «СП «NEFT» ЖШС бір жарым жыл ішінде халықаралық, заманауи талаптарға сәйкес етіп салып шығып, қолданысқа берді.
24 Желтоқсан, 2024
Қарасай ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған баспананың кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жаңа қоныс иелерін арнайы құттықтады.
24 Желтоқсан, 2024
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының жас ғалымдары мен зерттеушілері «Alumen Group» компаниясымен келісімшарт негізінде әзірлеген инновациялық макеттерін құрылыс саласына сәтті енгізді.
24 Желтоқсан, 2024
Тәжірибені шыңдайтын шеберхана
Жуықта Д.Серікбаев атындағы университетте ашылған Лу Бань шеберханасына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде заманауи шеберхана толайым табыстарға жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Қазақстанның басқа аймақтарында да Лу Бань шеберханаларын ашу туралы тапсырма берді.
24 Желтоқсан, 2024
Жүз жас маман жұмысқа орналасты
Биыл «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен өңірде екі ірі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жүзден аса жас маман жұмысқа орналасты.
24 Желтоқсан, 2024
Атырау облысының ішкі істер саласында жұмыс істейтін қыз-келіншектер аз емес. Олардың арасында қызметімен бірге спортта да жетістікке жеткен арулар бар. Соның бірі – Аида Хайруллина.
24 Желтоқсан, 2024
Білікті бапкер есімі ардақталды
Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының спорт сарайында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қызметкері, халықаралық дәрежедегі төреші Сәбен Әлкеевтің 80 жасқа толуына арналған қоян-қолтық жекпе-жек түрінен ашық турнир өтті. Байрақты бәсекенің бозкілемінде облыстағы 200-ге жуық жасөспірім бақ сынасты.
24 Желтоқсан, 2024