Оқи отырыңыз
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде даңқты кинорежиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының жарық жұлдызы» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Ерен тұлғаның есімін жаңғыртқан іс-шарада шебердің тіршілігінде тұтынған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, шағын көрме ұйымдастырылды.
22 Ақпан, 2024
Синоптиктер ескертеді: ауа температурасы -40 градусқа дейін түседі
Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2024
Өткен аптада Астанада халықаралық мейірім күні аталып өтті. Мерекенің мақсаты – адамдар арасында ізгілік, мейірім-махаббатты насихаттау және қайырымдылыққа тарту. Бұл күні түрлі игілікті шаралар ұйымдастырылып, адамдар бір-біріне сыйлық тарту етеді. Осы күнге орай елордада «Asyl niet» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық аукционын өткізді.
21 Ақпан, 2024
Өткен апта Балтабайлар әулеті үшін «ақ түйенің қарны жарылған» ерекше қуанышымен есте қалады. Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығында осы жылдың алғашқы үшемдері – Мұхаммед, Сафа, Маруа есімді сәбилер жарық дүниеге келді.
21 Ақпан, 2024
Аяздың беті қайтпай тұр - синоптиктер
Синоптиктер 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2024
Бұрын «әкем біледі» дейтін еді, қазір «анам шешеді» дегенді жиі естиміз – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай дәстүрлі отбасы институтындағы ерлердің беделіне қатысты Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдеріне депутаттық сауалын жолдады. Қоғамда әйелінен қысым көретін ер азаматтардың да құқығы тапталмауы керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Ақпан, 2024
Әйеліне қол көтеретін еркектерге жаза қатаңдатылды - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырсында әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасына енгізілген нормалар түсіндірілді. Құжатта әйел адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан арашалау, кәмелет жасына толмаған балаларды өлтіру, зорлық көрсету ісіне байланысты жауапкершілікті күшейтетін нормалар қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
21 Ақпан, 2024
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 27 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
21 Ақпан, 2024
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды
Астана қаласы әкімдігі ашық НҚА порталында елордада қоғамдық көлікте жүру ақысын қымбаттату туралы ұсыныс талқыланып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
21 Ақпан, 2024
Шипалы бұлаққа мемлекеттік көзқарас керек
Қазір әлемде кейбір ауру түрлері қалыпты емге көне қоймайды. Соның бірі – витилиго (терідегі ақтаңдақ) және псориаз (терінің қабыршықтануы). Екеуі де тері ауруларына жатады, бірақ жұқпалы емес. Зерттеулерге қарағанда, халқымыздың 3-5 пайызы осы науқасқа шалдыққан.
21 Ақпан, 2024
Сапасыз көмір де кәдеге жарайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары төменгі сұрыпты көмірден биотыңайтқыш алды. Қазақ – неміс – қытай халықаралық қолданбалы микробиология ғылыми зертханасының мамандары іске асырған жобаның ерекшелігі – тұзданған топырақты қалпына келтіру мен сапасыз көмірді кәдеге жарату.
21 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп, жасанды интеллект негізінде «электронды мұрын» жасауды қолға алды. Бұл көп функциялық құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау секілді түрлі салада қолдануға болады. Бір сөзбен айтқанда, отандық ғалымдар «электронды мұрын» желісін құрып, қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр.
21 Ақпан, 2024
Нашақорлықпен күрестің бүгінгі бағыты
«Нашақорлық – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда құзырлы мекемелер алдына қойған тапсырмасы.
21 Ақпан, 2024
Ауылға барсаң, далада қалмайсың...
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданында 6 дәрігер су жаңа үйлі болды. Олар Абай, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан, Орал, Ақсай қалаларынан арнайы шақырылған жас мамандар еді.
20 Ақпан, 2024
Екі жасар баланы аман алып қалды
Алматыда ақ желеңді жандардың біліктілігі мен жеделдігін сынаған оқыс оқиға орын алды. Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының реанимациялық бригадасына ауыр жағдайға тап келген екі жасар балаға өздері баруға тура келді.
20 Ақпан, 2024
Ата-ана үшін баланың, мұғалім үшін оқушының бәрі бірдей. Кейбірі ауыл мұғалімдерінің дәрісін тыңдайды. Өзгелері үлкен шаһардағы мекептерде білім алады. Дегенмен оқушының бәрі де сапалы білім алуға, инновациялық жобаларды іске асыруға жол ашатын түрлі үйірмеге қатысуға, робот құрастыруға ниетті екені даусыз.
20 Ақпан, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында елімізде сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын. Жолдаудың бұл бағытын жүзеге асырудың бірегей жолы – алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санын кеңейту. Бұл қадам сот жүйесін одан әрі ашық етіп, оған қоғамның сенімін арттыруға оң әсерін тигізбек.
20 Ақпан, 2024
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры биылғы жылдың алғашқы премьерасын ұсынды. Премьераның атауы – «Кербұғы». Оралхан Бөкейдің аттас әңгімесінің желісімен қойылып отыр.
20 Ақпан, 2024
-40°С: Синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атады
Қазақстан синоптиктері сәрсенбі, 21 ақпанға арналған ауа райы болжаным ұсынды. Мамандар ел азаматтарына қатты аяз, бұрқасын, тұман болатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2024
ҚазҰУ ғалымдары ақылды балдақ құрастырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті Ерзат Мырзахан қарттарға арналған ақылды және көпфункционалды балдақ құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Ақпан, 2024