Пікірлер .
Ана құрсағындағы шарананың 18 күнде жүрегі соғып, 8 аптада айналасындағы тіршілікті сезе бастайды екен. Ал 12 аптада саусағын сорып, басын қимылдатады. Міне, сол кеудесіне жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қауіпті, жасалатын қиянатты сезгенде жиырылып қарсылық көрсететін көрінеді. Демек, әйел ағзасында жүріп жатқан табиғи қалыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тастау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс десе де болғандай. Өйткені, Ислам дінінде кісі өлтіру ең ауыр күнә болып есептеледі. Ал ана құрсағындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..
26 Сәуір, 2017