Көп оқылғандар
Отандық жоғары оқу орындарының білім беру географиясы кейінгі жылдары өз өрісін кеңейте бастады. Әдетте біз Қазақстанда ашылған шетелдік университеттердің филиалдары мен орталықтары туралы көп білеміз. Алайда еліміздің шекарасынан шығып, алыс-жақын шетелдерде де студенттер тартып, төл дипломмен маман даярлап отырған жоғары оқу орындары барынан бейхабармыз.
04 Ақпан, 2026
Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы
Қазіргі жаһандану дәуірінде білім – ең басты капитал. Алайда әлемнің үздік университеттерінде оқу бәріне бірдей қолжетімді емес. Құжаттық рәсімдердің күрделілігі, қымбат аударма қызметі мен кеңесшілер көптеген дарынды жастар үшін кедергіге айналып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен жаңа технологиялық – «yoonee.ai» платформасы Орталық Азия жастары үшін жаһандық білім кеңістігіне жол ашуды көздейді.
04 Ақпан, 2026
Жедел жәрдем автопаркі жаңарды
Семейдегі облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына су жаңа санитарлық көліктер табысталды. Өңір басшысы Берік Уәли арнайы техниканың алғашқы легі – 10 автокөліктің кілтін медицина қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырды.
04 Ақпан, 2026
Мемлекеттік кеңесші: жаңа Конституция – ұлттық мүддені көздейді
Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
03 Ақпан, 2026
Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген кешенді тексерулер салада жүйелі заңбұзушылықтардың бар екенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Серік Жұманғарин Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті. Келіссөз кезінде 30 жылдан аса уақыт ішінде Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси диалог дәйекті түрде дамып, үкіметаралық және парламентаралық өзара іс-қимыл нығайып келе жатқаны атап өтілді. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел көшбасшылары ең алдымен сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты бағытын белгіледі. Қазақстан 2026 жылы өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын, деп жазады Egemen.kz.
03 Ақпан, 2026
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.
03 Ақпан, 2026
Агроөнеркәсіп кешенін өрістетудің маңызы
Жуырда Сыр бойында өткен V Ұлттық құрылтай отырысында ел болашағына қатысты маңызды ойлар ортаға салынды. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, өркениетке ұмтылған дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға бет алғанын атап өтті.
03 Ақпан, 2026
Елдік жаңарудың жасампаз философиясы
Ел халқы өткен аптаның аяғында жаңа Конституцияның жобасымен танысты. Алғашқы жолдарынан-ақ оның жатық тілі алдағы маңызды конституциялық өзгерістерді жұртшылықтың бірден түсініп қабылдауына септігін тигізеді. Азаматтардың қызу талқылап, БАҚ-та жан-жақты пікірталас өрбіп жатқаны еліміздің негізгі құжатын қабылдау ісіне жұртшылықтың белсене араласуға ниетті екенін айқын көрсетіп отыр.
03 Ақпан, 2026
Тарихи жауапкершіліктен туындаған шешім
Қазір еліміздің саяси бағдары үшін аса маңызды сәт десек, артық бола қоймас. Осы бағыттағы ауқымды өзгерістердің аясында жаңа Конституциямыздың жобасы жарияланды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айшықтайтын тарихи құжат.
03 Ақпан, 2026
Өткен жылы 873 500 гектарға майлы дақыл тұқымын еккен өңір диқандары орташа есеппен гектарына 10 центнерден өнім алып, 900 мың тоннаға жуық майлы дақыл жинады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда, бір жарым есе жоғары дейді.
03 Ақпан, 2026
Орнықты жолдың заңдық темірқазығы
Бабаларымыз жаумен қанша алысып өтсе де, өзінің заңы мен тәртіптік жүйесі ықылым заманнан қалыптасқан елміз. Заң мен тәртіп жоқ жерде мемлекет тұрмақ, отбасын құрудың өзі мүмкін емес. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғы» заңдары мен билер кеңесінің шешімдері көшпелі қазақ даласында құқықтық-саяси жүйенің негізін қалады. Күлтөбенің басында күнде кеңес еріккеннен өткен емес.
03 Ақпан, 2026
Түркістан облысының шалғай ауылдарында білім алып жатқан оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, заманауи мәселелерге үн қоса ізденімпаздығын танытып келеді. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қалалық құрдастарымен қатар бәсекеге түсуі – білім сапасы мен ақпаратқа қолжетімділіктің артып келе жатқанын білдіреді. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының білім алу жағдайы жақсарған.
03 Ақпан, 2026
Кейінгі 9 жылда Павлодар облысына 5726 қандасымыз көшіп келген. Олардың барлығына тиісті төлемдер мен көмек түрлері көрсетілген. Қандастардың дені Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, т.б. мемлекеттерден қоныс аударған.
03 Ақпан, 2026
Ертіс өзенінің қаумалы мен орманды жерлерде шамамен 5 мыңға жуық елік тіркелген. Орманшылар түз тағылары адам мен көліктен үрке қоймайтынын айтады.
03 Ақпан, 2026
Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі қоғам алдындағы ең өзекті міндеттің бірі. Бұл бағытта тек ғалымдар мен экологтер ғана емес, жас буын өкілдері де тың идеяларымен үлес қосып келеді. Соның жарқын дәлелі – алматылық 10-сынып оқушысы Мөлдір Кенжебайдың экологияға зияны жоқ биопакет ойлап табуы.
03 Ақпан, 2026
Талдықорған қаласы кейінгі жылдары қарқынды даму жолына түсті. Алдағы жылдары қосымша 3 шағын ауданның іргесі қаланады. Жаңа мектептер мен медицина мекемелері ашылады. Қала экономикасында тұрақты өсім сақталған. Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 107%-ды құрады.
03 Ақпан, 2026
Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212 576 адамға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2026
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді
Астанада балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу ережелері өзгертілді. Енді балалар стационарларға қызылшаға қарсы вакцинасы бар жағдайда ғана қабылданады. Тиісті қаулыға елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2026