Пікірлер .
Ғылыми жиын өтетін жерге жеттік. Грант алған ғалымдардың зерттеу жобалары таныстырылып жатыр. Өте жақсы жұмыстар бар екен. Соның ішінде жалпы сомасы 750 млн теңге тұратын жобаның жетекшісі әрі авторымен әңгімелескіміз келіп, ниетімізді ұйымдастырушы тарапқа білдірдік. Баспасөз қызметкері жүгіріп жүріп, спикерді сұхбат беруге ыңғайлы тұсқа жетектеп әкелді.
13 Қыркүйек, 2024
Оқу жылы жақындаса, ата-ананы әбігерге салатын бір тірлік бар. Бұл – мектеп формасын алу. Көп адам үшін мектепке дайындық негізінен дәл осы киіндіруден тұратындай, сабаққа қажет оқу құралдарының өзі кейде кейінге ысырылып қалатындай көрінеді. Себебі қалтаны қағатыны да – баланың киімі.
29 Тамыз, 2024
Сот залы. Кәмелет жастан енді асқан екі жігіт есірткіні сақтағаны, мұнысы аздай таратқаны үшін соңғы үкімін тыңдағалы тұр. Екеуінің де анасы ботадай боздап отыр. Бұл – алқаби болған танысымыздың әңгімесі. Оның сөзінен соң басымызға бір сұрақ келді. Жауабын алқабиден естігенде бәрінің басында ненің тұрғанын түсінгендей болдық.
27 Маусым, 2024
Түрлі өмірлік жағдайда төрт алаяқпен сөйлесуге тура келді. Мүмкін мені бұдан да басқа бірнеше алаяқ алдауға тырысқан шығар. Әйтеуір есте қалғаны – сол төрт алаяқтық. Жақында учаскелік полицей WhatsApp әлеуметтік желісіндегі пәтер иелерінің кооперативі құрған чатқа түрлі жазулары бар картиналар жіберді. Үңілсек, алаяқтардан абай болуды меңзеген құлақтандыру екен. Ақпаратты оқығанда, «Мәссаған, мынадай хатты мен де алдым ғой» деп таңғалдым.
03 Қаңтар, 2024
Өткенде жақыны қайтыс болған бір танысымызға көңіл айтуға жиналдық. Бағытымызды білу үшін жалма-жан хабарландырудағы мекенжайға үңілдік. Көшесі мен нөмірі көрсетілгеннен кейін «Пәлен» мейрамханасы, деп жазылыпты.
20 Қараша, 2023
Аман-есен жеңілдеп, босанудан кейінгі бөлімге ауысқан кезім. Бір бөлмеде үш әйел жатқанбыз. Төрдегі төсектің жанында бала арбасы жоқ екен. Бала арбасы жоқ әйел дезинфекция жасайтын мамандай бүркене киініп, бір жаққа кетті.
03 Қазан, 2023
Сәбиімізді аулаға алып шыққанда көпқабатты үйдегі көрші балалармен таныса бастадық. 9-11 жастағы балалар бөпемізді қызықтай ма, әлде өздеріне көңіл бөліп әңгімелескенді ұната ма, әйтеуір маңайымызға жинала қалады. Олардың кейбір ойлары кәдімгідей ойландырады.
12 Қыркүйек, 2023
Былтыр апалы-сіңлілі екі қызбен бірге тұрдым. Үлкені медициналық университетте, кішісі ұлттық ЖОО-ның саясаттану мамандығында оқиды. Әкеден ерте қалған қыздарға шамам келгенше көмектескім келетін. Өз қолыммен пісірген дәмділерді ұсынып, арнайы кестеміз болса да, есепсіз үй жинай саламын. Кішісі компотымды, үлкені бауырсағымды жақсы көретін. Екеуі де мемлекеттік грантта оқиды.
26 Шілде, 2022
Талғамай оқудың пайдасы бар ма?
Қосымша курсқа жазылғанмын. Кезекті сабаққа уақтылы бардым. Бірақ әлі аудитория біздің алдымыздағы топтан босамапты. Содан сөмкемдегі кітапты суырып алдым да, келген жерімнен жалғастыра оқи кеттім. Малайзиядан оқып келген мұғалім алдыңғы топпен жұмысын аяқтап, маған жақындады да: «Кітапты көп оқисың ба?», деп сұрады.
18 Шілде, 2022
Әкем мені жаздың күндері таңда әңгелектің иісімен оятатын. Сабаққа асықпайтын демалыстың кезінде де ерте тұруды маған ол осылай үйретті. Бірде олай оятпады.
04 Сәуір, 2022
Шаршы метрге байланған шаңырақ
Былтыр елімізде 48 002 отбасы ажырасыпты. Айырылысқандар сол жылы тіркелген 90 873 некенің 53 пайызын құрайды. Бұл – негізі азайғаны. 2019 жылы 60 мыңға жуық шаңырақ шайқалған. Бұған әртүрлі себеп бар шығар. Бірақ енді ғана шаңырақ көтерген жұпқа ең алдымен не керек? Әрине, баспана қажет. Қазір көп жас отбасына 1 шаршы метр де арман болған. Неге?
22 Ақпан, 2022