Білім • Кеше
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Астана қаласында үй маңайындағы мектепке баланы орналастыру оңай емес. Білім ордасы алдымен тұрғылықты мекенжайдан тіркеу сұратады. Мұқият тексерістен өткен соң, бала сыныптағы 30-дан аса оқушының қатарына қосылады. Қазір көп мектептегі жағдай – осы. Мектептерде орын тапшы. Жалпы былтырғы оқу жылында 20 мыңнан аса балаға орын жетіспеушілігі сезілген. Бүгінде 1 200 орындыққа арналған білім ордаларында 4 мыңға жуық бала оқиды. Жыл сайын жаңа мектептердің саны артқанымен бұл мәселені толық шеше алмай отыр. Осы мәселеге қатысты Egemen.kz тілшісі қалалық білім басқармасына хабарласқан болатын.
Тұлға • Кеше
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басып» абыздық жасқа шыққан Әділ Ахмет – айнымайтын асыл адам: болмысы бекзат тұлға, ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз, дегдар дипломат. Қарымды қайраткерлігі, зерделі зерттеулері, парасатты публицистикасы арқылы айналасына сәулесін түсіріп жүретін сәулеткер, шын мәнінде зиялы.
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Жасанды жаңбыр – бірегей бастама
Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды. Қазақстан бұл бағыттағы технологияны тәжірибеде қолданған аймақтағы алғашқы ел атанып отыр. Су тапшылығын азайтып, егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған жоба, әсіресе, қуаңшылық жиі байқалатын оңтүстік өңірі үшін маңызды бастама болмақ.
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Қант қызылшасы өндірісінде Жамбыл облысы еліміздегі көшбасшы өңір санатына жатады. Мұнымен, әрине, мақтануға болады. Алайда кейінгі жылдардағы шаруалардың дабыл қағуы, өнім қабылдауға келгенде қант зауытының әлеуеті жетпей қалуы секілді мәселелер кімді де болса толғандырмай қоймаса керек.
Ипотека • 21 Мамыр, 2026
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Елімізде ипотека арқылы баспана алу қиындайды. Шілде айынан бастап ипотекалық несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға азаяды. Ел пайыз төмендеді деп қуанғанымен, банктер енді баспананы кімдерге берілетінін біраз талдап, таразылап барып шешетін болады. Сарапшылардың айтуынша, енді ипотека алғысы келген азаматтың қарыз жүктемесі мен табысы банк тарапынан мұқият тексеріледі. Бұған дейін де оңай болмаған үйлі болу мәселесі, одан әрі де қиындай түспек. Аталған мәселеге байланысты саладағы сарапшыларға Egemen.kz тілшісі сауал жолдады.