Пікір • 26 Ақпан, 2026
Еліміздегі саяси жаңару мен конституциялық реформаның жауапты кезеңге көтерілуі – қоғам сұранысынан туындаған талап.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Қазір жаһандық қаржы жүйесі жаңа сынақ кезеңіне қадам басты. Әлем елдерінің орталық банктері экономика мен саясаттағы құбылмалы ахуалға сай ақша-несие саясатын қайта қарауға кірісті. Бұл үдерістен біз де шет қалған жоқпыз. Елде инфляцияны тежеу бағытында жүйелі шаралар қабылданып, нарықтық тетіктерді сақтай отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге басымдық берілді.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру бағытында Шымкентте бірқатар өндірістік алаңдар жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы аймақтар 455 кәсіпорынның басын біріктіреді. Оған жұмсалған инвестиция 700 млрд теңгеден асады.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Нарықтағы ашықтық пен әділ бәсеке цифрлық шешімдер арқылы қалыптасып келеді. Тауар айналымын толық бақылауға алған таңбалау жүйесі көлеңкелі нарыққа тосқауыл қойып, салық тәртібін күшейтуді көздейді. Бұл тәсіл ішкі өндірісті қорғап қана қоймай, тұтынушының сапаға деген сенімін де арттыра түседі.
Үкімет • 26 Ақпан, 2026
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Депутаттар бастамашы болған ғылым мәселелері бойынша ғылыми-техникалық қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер (бірінші оқылымда), сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет, педагог мәртебесі және білім беру мәселелерін реттейтін заң жобаларын қарап, тиісті шешімін шығарды.