Спорт • 24 Ақпан, 2026
Еліміздің конькишілері Инцелль (Германия) қаласында өткен жастардың Әлем кубогінің кезеңдік жарысында жасындай жарқылдады. Алғашқы күні-ақ олар төрт алтын олжалады. 1 000, 3 000 метрлік қашықтықта Кристина Шумекова алдына жан салмады. Нео-сеньорлар сайысында Инесса мәре сызығын бірінші болып қиып өтсе, оның командалық әріптестері Дарья Важенина мен Алина Дауранова екінші, үшінші орындарды еншіледі. Қыздар командалық спринтте де топ жарды.
Өндіріс • 24 Ақпан, 2026
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Ел тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорт көлемінен асып түсті. 2025 жылдың қорытындысын жариялаған Сауда және интеграция министрлігі бұл тәтті өнімнің экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткенін, импорт 12 194 тоннаны құрағанын хабарлады.
Өнер • 24 Ақпан, 2026
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Мұнайлы Атырауда гүл бизнесін қолға алған кәсіпкерлер көп емес. Соның бірі – Бақыт Ысқақова. Кәсіптің бұл түріне бет бұрғанына 30 жылдан асты.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
13 жасар қызды қара ниетті қарақшылардан құтқарып қалған Тараз қаласының тұрғыны Нүркен Омаровқа лайықты құрмет көрсетілді. Ішкі істер министрлігі атынан марапатталған бейбіт күннің батырын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.