Пікір • 18 Ақпан, 2026
Егемен елдің таңдауы жауапкершілікпен өлшенеді
Конституция – қоғамдық келісім. Ол мемлекетте шешімдерді кім қабылдайтынын, биліктің қалай бөлінетінін әрі әрбір азаматтың қандай кепілдіктерге ие екенін айқындайды. Сондықтан қоғамның мұндай құжатқа сергек, эмоциялық әрі мұқият қарауы – табиғи құбылыс. Осындай кезеңде талқылаудың мазмұнды, ал шешімнің саналы болуы үшін мәтінге, рәсімге және құқықтық логикаға сүйену айрықша маңызды.
Қаржы • 18 Ақпан, 2026
Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?
Былтырғы желтоқсанда халықтың көбі доллар сатып алуға көшті. Айырбастау пункттерінде доллар бұрынғыдан тез өтіп, жұрт «ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?» деп ойлана бастады. Ұлттық банк дерегінше, мұндай үдеріс бұрын-соңды болмаған. Бір айдың ішінде ақша айырбастау пункттерінде 322,8 млрд теңгеге доллар сатылған. Бұл көрсеткіш нені аңғартады?
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Сыр бойына жүгері де жерсінеді
Сыр топырағына жүгері дақылы бөтен емес. Кезінде біраз шаруашылық мал азығы үшін «дала аруы» деп әспеттелген дақыл түрін егіп, мол өнім жинаған. Кейінгі бес жыл көлемінде Қазалы ауданындағы «РЗА» акционерлік қоғамы су үнемдеу технологиялары арқылы 2238 гектар күріш, мыңдаған гектарға жоңышқа, жарты мың гектарға жуық жүгері егіп келеді.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасқан түріктің «Nord Panels» компаниясы биыл наурыз айынан бастап ағаш қалдықтарын терең өңдеу жолымен әртүрлі көлемдегі жүктерге арналған ағашқап жасауды қолға алмақ. Компания жаңа жарақтарды сатып алу мақсатында «Солтүстік ӘӘҚ» АҚ-дан 670 млн теңге қарыз алған.
Университет • 18 Ақпан, 2026
Farabi university: ғылым, инвестиция және дамудың жаңа кезеңі
Қазіргі жаһандық университеттер дәстүрлі білім беру моделі аясынан шығып, экономикалық әрі әлеуметтік прогресті қамтамасыз ететін ғылыми білім мен технологиялық инновациялар тоғысқан стратегиялық орталықтарға айналды. Әлем қарқынды өзгеріп келеді, сонымен бірге жоғары білім берудің логикасы да түбегейлі жаңарып жатыр. Бұл бетбұрыс еліміздің мемлекеттік стратегиясында да айқын көрініс тапты. Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан цифрландыру ісін қарқынды дамытып, жеке және қоғамдық өмірдің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізе бастады. Біз білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет», деп атап өтті. Осы жағдайда университеттерге, әсіресе зерттеу университеттеріне ерекше тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр. Олар жаңа буын мамандарын даярлаумен қатар, ғылыми жаңалықтарды экономиканың нақты секторымен байланыстыратын зияткерлік платформаларды қалыптастыруға тиіс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кейінгі бес жылда бұл жауапкершілікті стратегиялық басымдық деңгейіне көтерді.