Мирас • 18 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында халықтың тарихи жады мен ғылым-білімін жүйелейтін «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын айтқан еді. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды сақтап, оны терең зерделеуге мүмкіндік береді. Жаңа қор e-archive, e-kitaphana, e-culture, e-museum секілді қолданыстағы жүйелермен, сондай-ақ мемлекеттік, ғылыми және білім беру ұйымдарының дерекқорларымен біріктіріледі. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық архив қорының 2 миллион 600 мыңнан аса құжаты цифрландырылған. Ал «Qazaq Culture» платформасы сегіз тілде жұмыс істеп тұр.
Байқау • 18 Ақпан, 2026
Қостанайда кітапсүйер көпшілік арасында өткен «Оқы және жең» онлайн байқауы қорытындыланды. Салтанатты іс-шарада жобаға қатысқан сегіз мың адамның ішінен оза шауып жүлдеге іліккен 50-ден астам оқырманға арнайы дипломдар, қомақты қаржысы бар сертификаттар табыс етілді.
Мирас • 18 Ақпан, 2026
Бұл кісінің шаңырағын үй емес, музей ме деп қалатының анық. Өйткені Әлимаш Теміржанованың үйінде қос ғасырдың куәсіндей болған жәдігерлер менмұндалап тұр. Бір емес, үш бірдей бөлмеде орналасқан әрбір заттың өзіне тән тарихы бар. Кейуана барлық жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап отырғаны көңіл тоғайтады. Шаңырағын музейге айналдырған зейнеткердің үйіне келушілер аз емес. Олар мұндағы әрбір зат туралы тереңірек білгісі келеді.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Спорт • 18 Ақпан, 2026
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада додасында шорт-тректен ерлер сайысында Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Қысқы Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжіғалиев іріктеу жарысында мәреге бірінші болып жетіп, ширек финалға тікелей өтті. Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Денис Никиша өз тобында мәре сызығын үшінші болып қиды.