Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Болашағымыздың стратегиялық бағдары
Ата заң – еліміздегі саяси жүйені терең әрі жүйелі жаңғыртуға бағытталған реформалардың заңды жалғасы. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы алаңындағы дөңгелек үстелде бас қосқан көпшілік осылай дейді. Мемлекеттік қызметшілер Конституцияға қазіргі қоғамда кездесетін түрлі сын-қатер ескеріліп, елеулі өзгеріс енгізілгенін баса айтты.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Ұшақта жолаушының өмірін құтқарды
«Астана – Прага» бағытындағы ұшақта әйел адамның денсаулық жағдайы кенеттен күрт нашарлап, есінен танып қалған. Абырой болғанда, рейстегі жолаушылардың бірі, екібастұздық дәрігер Анар Күркебайқызы дер кезінде науқастың өміріне араша түскен.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Жастар Конституция жобасын қолдайды
Кеше Өскеменде «Біз жаңа халықтық Конституция үшін» республикалық жастар форумы өтті. 17 облыстың жастары Өскеменде тізе қосып, жаңа бастамалар мен ертеңгі күннің жоспарын талқылады, пікір алмасты.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әңгіме арқауы – руханият мәселесі
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс әкімі Берік Уәли жергілікті ақын-жазушылармен еркін форматта кездесу өткізді. Оған қала-аудандардан келген зиялы қауым өкілдері, айтыскерлер, жазба ақындар мен қаламгерлер қатысты. Жиында өңір басшысы әуелі қалам ұстаған қауымның қоғамдағы орнына тоқталды.
Реформа • 18 Ақпан, 2026
Уақыт талабынан туындаған құжат
Қазір жер-жерде жаңа Конституция жобасын жұртшылық арасында түсіндіру жалғасып жатыр. Қызылордадағы «Aray City Mаll» сауда орталығында «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы өкілдері «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының үгіт-насихаты аясында кәсіпкерлермен кездесті.