Қоғам • Бүгін, 08:10

Ұшақта жолаушының өмірін құтқарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана – Прага» бағытындағы ұшақта әйел адамның денсаулық жағдайы кенеттен күрт нашарлап, есінен танып қалған. Абырой болғанда, рейс­тегі жолау­шылардың бірі, екібастұздық дәрігер Анар Күрке­байқызы дер кезінде науқастың өміріне араша түскен.

Ұшақта жолаушының өмірін құтқарды

Сурет Павлодар облысының ден­саулық сақтау басқармасынан алынды

– Ұшақ әуежайдан көте­рілген соң, арада бір сағаттай уақыт өткенде жолаушының біріне медициналық көмек қажет екені туралы хабарланды. Мұны естіп, бірден науқастың жанына бардым. Жасы шамамен елулердегі әйел сұлқ түсіп, есінен танған. Қан қысымы төмендеп кеткен. Шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аяқтарын жоғары көтерткіздім. Қажетті ем-дом жасаған соң науқас есін жия бастады. Айтуынша, ешбір медициналық есепте тұрмаған, мұндай жағдайға бірінші рет кезігіп отыр. Науқастың жайын бір сағаттай қадағалап отырдым. Ақырында аман-есен келіп қондық, – дейді дәрігер.

Әуежайда науқас әйел өзін жақсы сезінетінін айтып, жедел жәрдем көмегінен бас тартқан. Мұндай жағдай Анар Күркебайқызының дәрігерлік тәжірибесінде алғаш рет кездескен. Ақ желеңді абзал жан бұған дейін клиникалық өлімге тап болған адамды құтқарып қалғанын айтады. Екібастұз медициналық колледжінің, Семей медицина­лық университетінің түлегі бүгінде Екібастұз қаласындағы №3 емханада жалпы тәжірибе дәрігері болып жұмыс істейді. Учаскесіндегі 1,5 мыңға жуық адамның денсаулығына жауап­ты. Чехия еліне, Прага қала­сына гастроэнтерология бағы­тындағы білімін жетілдіру мақ­сатында іссапармен барыпты.

Павлодар облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Үй емес, музей дерсің!

Мирас • Бүгін, 08:20