Өндіріс • 13 Ақпан, 2026
Жетісудың бал қымызының дәмін татып көрдіңіз бе? Ұлттық дәстүр мен заманауи кәсіпкерліктің үйлесімінен туған өнім брендке айналды. Талдықорғандық ерлі-зайыпты Мадияр Түйебаев пен Әйгерім Шаландиева ата-бабамыз ерекше қадірлеген сусынның жаңа түрін ойлап тапты. Осылайша, жетісулық бал қымыз өндірісі жолға қойылды. Бұл жоба – тек бизнес емес, ұлттық тағам мәдениетін жаңғыртуға бағытталған саналы қадам.
Саясат • 13 Ақпан, 2026
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдың 15 наурызында өтетін жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумды қолдайтындарын білдірді. Сондай-ақ отырыста күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдер қаралып, мақұлданды.
Технология • 13 Ақпан, 2026
Мұнайлы өңірде тұратын екі жас инженер дрон жасауды қолға алды. Оның бірі – Әмір Мейрамғалиев Самара аэроғарыш университетін бітірген. Ал Нұрсұлтан Тұрсынов Рига авиациялық навигация университетінен жоғары білім алып, кейін оқуын АҚШ-тағы Майами қаласында жалғастырған. Екеуі де авиация саласында мамандығымен жұмыс істеп жүр.
Референдум • 13 Ақпан, 2026
Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ
Құрметті референдумға қатысушы! Сіздің референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі – Өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Ақтөбе облысында ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан бірнеше экологиялық мәселе бар. Олардың ең негізгілері – іргелі өндіріс ошақтары саналатын ферроқорытпа және хром қосындылары зауыттарынан тарайтын шаң-түтін, әбден тозығы жеткен кәріз-тазарту қондырғылары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан шығатын, қолқаны қабатын жағымсыз иіс.