Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Алматы облысы: Жылқыны GPS бағады
Былтыр «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясы Алматы облысының Алакөл ауданың аумағынан асыл тұқымды жылқы фермасын ашқан болатын. Өңірдегі қылқұйрықтың санын арттырып, тұқымын жандандыруға орай басталған іс нәтижелі жүріп жатыр. Қазір қыстан шыққан 10 000 бас жылқы жайылымда жүр.
Оқиға • 12 Наурыз, 2020
Қызылағаш ауылы: оқиғадан кейінгі он жыл
Әдетте, Жетісуға көктем ерте келетін. Бірақ сол тұста қыстың ызғары ұзаққа созылып, күн райы қырық құбылды. Толассыз жауған жаңбырдың аяғы қарға айналды. Таудағы қойма мен ойдағы өзендерге жиналған ылғал көлемі көбейіп, қарғын су қатері арта түсті. Бұл 2010 жылдың ызғарлы көктемі болатын. Яғни, осыдан тура 10 жыл бұрын Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылы аумағындағы су қоймасы жарылып, етекте орын тепкен елді мекенді су шайып кеткен еді. Өкініштісі, апаттан адам шығыны болып, тұтас ауылдағы тұрғын үйлер қирап қалды...
Руханият • 04 Наурыз, 2020
ПРЕМЬЕРА: «Ханзада» (Hamlet) көрерменін несімен таңғалдырмақ?
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрында премьера! 5 наурыз күні сағат 19.00-де театр сахнасында ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы өзгеше үнде көрерменге жол тартады. Елорданың елеулі жаңалықтарын қалт жібермейтін «Егемен Қазақстанның» тілшілері Жастар театрына арнайы барып, шығармашылық ұжымның премьераалды жаңалықтарымен танысып қайтқан болатын.
Руханият • 02 Ақпан, 2020
Бір неміс философы мифті оянар алдында көрген түске балаған екен. Тағы бір данышпан мифтің бізге керегі шындықпен қаншалықты сәйкес келуі емес, оның мазмұны деген сөз қалдырыпты. Сонымен бірге қоғамда «Ана миф шын ба, мына миф өтірік пе?» деген сұрақ үнемі алдымыздан шығып отырады. Демек белгілі бір шамада мифтің шындықпен шектесер тұстары да бар.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Марқұм Абай өзінің қара сөзінде: жылап туасың, кейіп өлесің, – деген екен. Адам ғұмырында сол жылап туу мен кейіп өлудің аралығында қаншама сүрлеу соқпақпен жүріп өтіп, дүниеден өтеді. Тағдыр – біреу, айырмашылығы – бағыты мен жарлығында ғана.