Қоғам • 01 Қараша, 2025
Өндірістегі жарақат көрсеткіші төмендеді
Ел көлемінде өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шегу дерегі азайып келеді. Биылғы тоғыз айда оқыс жайттан 934 жұмыскер зардап шегіп, оның ішінде 133 адам қайтыс болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өндірісте жарақат алу дерегі 3,4%-ға төмендеген.
Еңбек • 01 Қараша, 2025
Кейінгі кезде жұмыс берушілер Enbek.kz платформасына 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 138,5 мың түйіндеме қалдырған. Әдеттегідей, жұмыс іздеушілерден жұмыс берушілердің үлес салмағы басым.
Аймақтар • 01 Қараша, 2025
Жылу жүйесі қала меншігіне қайтарылады
Петропавл қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» (ОАОЭК) АҚ мен қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сүйенген «Петрньюс» ақпараттық агенттігі тың жаңалық таратты. ОАОЭК облыс орталығына жылу беретін «Петропавл жылу желілері» ЖШС 2025 жылдың аяғына дейін қалалық әкімдіктің муниципалдық меншігіне өтетін болыпты.
Қоғам • 01 Қараша, 2025
Ақылы кеңестерге байыппен қарайық
Бүгінде интернет – тіршіліктің ажырамас бөлігі. Он шақты жыл бұрын әлеуметтік желіге тәуелді өмір сүреміз десе, көпшілік сенбес еді. Ал қазір онлайн болмаған сәтіңде – уақытың зая кеткендей күй кешесің. Ақпарат тасқынына ілесіп үлгермесең, әлденеден құр қалғандай күйзелесің. Көбімізде интернеттегі ақпаратқа иммунитет қалыптаспаған, сүзгі жоқ. Қажетті-қажетсіз ақпарат, орынды-орынсыз ақыл-кеңесті талғамсыз-талғаусыз сіңіре беретініміз де жасырын емес. Осыдан кейін де қарадан ақты, асылдан жасықты ажырата білмейтін жұртқа ақыл айтатындар көбейді.
Қаржы • 01 Қараша, 2025
Банк қаржысын нақты секторға бағыттау мүмкіндігі
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, жаңа инвестициялық кезеңге өту үшін банктердің қаржысын экономикаға көбірек тарту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы мәселе бұрыннан көтеріліп келе жатқанын, нақты шешім қабылдайтын уақыт жеткенін айтты.