Кино • 23 Қаңтар, 2026
Бүгінде Шәкен Аймановтың «Тақиялы періштесін» көрмеген жан жоқ шығар. Өткенде осы фильмді қайыра қарап шығып, әлі ешкім мән бере қоймаған бір кадрды байқап қалдық. Режиссердің атан түйеге жүк боларлық жалқы ауыз сөзді цензураның өткір қайшысына іліктірмей у мен шудың арасына сыналай қосып жіберген шеберлігіне тәнті болдық.
Құрылтай • 23 Қаңтар, 2026
Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?
Қазақ тарихындағы Құрылтай жиындары қашанда ел ішіндегі айрықша бетбұрыс пен өзгеріске әкелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған Ұлттық құрылтай отырыстары да сол дәстүрдің заңды жалғасы ретінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға түрткі болып келеді. Осы орайда біз бірқатар құрылтай мүшесіне «Бұл басқосу ел өміріне қандай өзгеріс әкеледі?» деген сұрақ қойып, пікірін білген едік.
Таным • 23 Қаңтар, 2026
Бұл жәдігер – 1885 жылы Абай Құнанбайұлы төбе би болған Қарамола съезінде қабылданған жарғы. Заң Қазан қаласындағы Императорлық университеттің баспаханасынан басылып шықты.
Пікір • 23 Қаңтар, 2026
Цифрлық бағыт-бағдар нақтыланды
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы адамзат қауырт дәуірге қадам басқанын айтып, үйреншікті өміріміз түбегейлі өзгергенін жеткізді.
Сұхбат • 23 Қаңтар, 2026
Нұрлан Жұманиязов: Сахна адамның ішкі шындығын ашады
Үнсіздігімен ойландырып, сабырымен сендіретін, сахнада айқайсыз-ақ биік өнер тудыратын режиссерлер санаулы. Оның қолтаңбасы жалған ұраннан емес, ішкі дірілден, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жететін терең тыныстан танылады. Сахна артындағы жалғыздық, шығармашылық мехнат, адам жанына деген іңкәрлік пен ішкі еркіндік оның болмысын айқын бейнелейді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың жансарайына үңілгенде осындай ой түйдік.