Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 17 Наурыз, 2026
Шаңырақ шуағы: Су шаруашылығы саласына 160 жыл ғұмырын арнаған әулет еңбегі
Наурызнама онкүндігі аясындағы Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін тағылымды күн. Қазақ ұғымында шаңырақ – тек бір әулеттің емес, тұтас ұлттың тұтастығын танытатын киелі нышан. Отбасының беріктігі – қоғамның беріктігі, ал ұрпақ жалғастығы – ел болашағының кепілі.
Энергетика • 17 Наурыз, 2026
«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі
Желдің күші – табиғаттың сарқылмас байлығы. Кейінгі жылдары әлем елдері осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға басымдық беріп келеді. Еліміз де жаһандық үдерістен шет қалып отырған жоқ. Аталған бағыттағы іргелі жобалардың бірі Қарағанды облысы Осакаров ауданында табысты жүзеге асып жатыр.
Ипотека • 17 Наурыз, 2026
Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?
Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталып, мыңдаған азамат жеңілдетілген ипотека арқылы баспаналы болуға талпынып жатыр. Дегенмен, сарапшылар әдетте бағдарламаның талаптарын дұрыс түсінбегеннен көптеген адам конкурстан өтпей қалып жататынын айтады. Алдағы уақытта «Наурыз», «Наурыз жұмыскер», «7-20-25», «Ұмай» және «Жасыл ипотека» сияқты бағдарламалар да іске қосылады. Сондықтан тиімді ипотекаға қол жеткізу үшін қазірден бастап оның қандай шартпен берілетінін білген маңызды.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
«Ұлыстың тойы – ырыстың тойы» деп тегін айтылмаса керек. Жошы ұлысы шегінде бағамдасақ, ұлыс деген – үлкен мемлекет. Ішіне ірілі-уақты елдер, кіші халықтар кірігіп кеткен біртұтас құрылым. Кезінде бұл тұрғысында Мұхтар Мағауиннің жазғанын да білеміз. Түріктер осы мемлекет ұғымын «дәвләт» дейді. Біздіңше – дәулет.