Реформа • 31 Қаңтар, 2026
Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды
Кеше Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда Конституцияның жаңа жобасы қаралды. Оны дайындау кезінде кейінгі жарты жылға жуық уақытта азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстар, сондай-ақ комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілген.
Саясат • 31 Қаңтар, 2026
Биыл еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен байқаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарын атап өтті.
Саясат • 31 Қаңтар, 2026
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру қажет
Елде адалдық идеологиясы қайтсе орнығады? Бұл сұрақ кейінгі үш жылда мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғам үшін аса маңызды тақырыптың біріне айналды. Өйткені бұл қағидат жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алатын, халықтың билікке деген сенімін арттыратын фактор. Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арнайы диалог алаңын құрып, алғашқы отырысын өткізді.
Басылым • 31 Қаңтар, 2026
Тәуелсіздік алған отыз жылдықта қазақтың сөз ұстағандары, әсіресе дәстүрлі баспасөзі жұрт ісін бұра тартпай, салмақты ой айтумен келеді. Тәуелсіздіктен кейінгі аласапыран, «нарық қарық қылады» деген заманда жабайы жекешелендіру жағадан алып, біраз құндылықтан, небір салиқалы басылымдардан көз жазып қалдық. «Өз күніңді өзің көр» белең алып, сауаттылыққа селкеу түсті. Соның зардабы аңғарыла бастады.
Басылым • 31 Қаңтар, 2026
«Қазақ» газеті және ағартушылық миссия
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында газет-журналдардың қайта өрлеу дәуірі бастауында тұрғанын айта келіп: «Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді», – деген болатын. Шынында мән-мағынасы терең ақпарат – матбұғатта, яки газет-журналда. Қазіргі таңда газет-журналдар ұлт ақпаратының бастауы саналатын «Қазақ» газеті салған сара жолмен жүріп, ағартушылық миссиясын атқарып келеді.