Өндіріс • 16 Шілде, 2025
Көкшетау сүт зауыты өнімдерінің бәрі – табиғи. Сұранысқа ие болуы да сондықтан. 2023 жылы компания отандық тауар өндірушілер көрмесінде балмұздақ пен құрт аталымы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шықты. Қытайда өткен «China EXPO» көрмесінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округі Қытай коммунистік партиясы ұйымының хатшысы Ма Синжуй «Көкшетау балмұздағы Қытайдың ең дәмді балмұздағынан да артық» деп мойындапты. Әлгі лепесті естіген қарақұрым халық біздің балмұздақтың кезегіне сап түзеп тұра қалды дейді. Абыройдың асқақтағаны да осы жер.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Қызылжардың кіреберісіне ерекше ескерткіш орнады. Қаланың оңтүстік бекеті жағынан орын тепкен өнер туындысы алты мың жыл бұрын алғаш жылқыны Ұлы даланың осы тұсында қолға үйреткенін әйгілейді.
Мәдениет • 15 Шілде, 2025
Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV халықаралық өнер фестивалі өтті. Аталған байқауға елімізден Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.
Саясат • 15 Шілде, 2025
Әскери білімге – елдік көзқарас
Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар әскери салаға да зер салды.
Туризм • 15 Шілде, 2025
Туристік аймақтың инфрақұрылымы реттелуге тиіс
Мемлекет басшысының ішкі туризмнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен танысты.