Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Санавиация Таиландта комадан оянған қазақстандықты елге алып келуден бас тартты
Таиландта ауыр хәлге түсіп, комаға түскен турист есін жиды. Алексей Вивтоненко қысқа видеода өзін қолдап, қаржылай және моральдық көмек көрсеткен барша отандастарына алғыс білдірді. Ал оның жақындары науқасты елге жеткізу үшін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан көмек сұрауын жалғастырып жатыр. Алайда бұл өтінішке екі рет бас тарту берілген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2026
Екібастұз моноқала санатынан шығарылды
Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Наурыз, 2026
Адам – басты ресурс: Елдің даму идеологиясы қалай өзгеріп жатыр?
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барып, ғылыми қауымдастық алдында сөз сөйледі. Ол адами капиталды дамыту, ғылым мен инновацияны ілгерілету, сондай-ақ жаңа Конституцияның елді жаңғыртудағы рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Наурызнама • 20 Наурыз, 2026
Көне дәстүр жаңғырды: Шәуілдірде Балуан тас көтерілді
Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде көне «Балуан тас көтеру» рәсімі қайта жаңғырды. Ұмыт бола бастаған баһадүрлік дәстүрді жаңғыртуға арналған бұл шара жергілікті азамат Абылайхан Қалназаровтың бастамасымен жүзеге асты. Рәсімді ақмолалық айтулы палуан Арман Сүлеймен орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2026
Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс
Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күн төл спортымызды дәріптеуге, насихаттауға және оны заманауи үрдістермен ұштастыра отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды дата. Бүгінде елімізде асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды 11 ұлттық спорт түрі дамып келеді. Оның ішінде төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Халық ықыласы мен әлем мойындаған ұлттық спорт түрлерін ұлыстың ұлы күні қарсаңында айрықша бедерлеу сана мен тәнді серпілтіп қана қоймай, ұжымдық рух сыйлайтыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.