Видео • 26 Желтоқсан, 2019
«Егемен Қазақстан» газетінің 26 желтоқсандағы санына шолу (видео)
«Егемен Қазақстан» газетінің 26 желтоқсандағы саны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар қабылдауы туралы ақпаратпен басталып, саясаттағы салмақты, қоғамдағы өзекті жаңалықтармен жалғасты.
Видео • 17 Желтоқсан, 2019
"Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған деректі фильм
Алаш аманатын абыроймен арқалап, болашаққа бағдар бұрған ұлт үнпарағы «Egemen Qazaqstan»-ның ғасыр биігіндегі ғибратты тойы – мұқым қазаққа ортақ мереке, айтулы сәт. «Ұшқыннан» от алып, кемел келешекке батыл қадам басқан ел газетінің рух мұзартынан үздіксіз үн қатып келе жатқанына – 100 жыл! Тұтас ғасыр ұлт шежіресін тасқа қашаған қарашаңырақ басылымның дәуір тынысын бедерлеудегі тарихы да, тағылымы да теңдессіз. Күні кеше сол тарихтың тағылым биігінен үн қатқан ұлағаты ұлықталды. Күллі қазақ көз тіккен мерейлі сәт елорда төрінде салтанатты түрде аталып өтті.
Видео • 17 Желтоқсан, 2019
Egemen Qazaqstan газетінің өзгеру тарихы (видео)
1919 жылдың 17 желтоқсанында Орынбор қала сында басылып шыққан «Ұшқында» Халел Есенбаев, Мəннан Тұрғанбаев, Тамимдар Сафиев, Ешмұхаммед Бегалиев жəне Бернияз Күлеев секілді азаматтар еңбек еткен. Газеттің алғашқы санында басқарманың «Оқушыларға» деген үндеу мақаласы, Ерғали Алдоңғаровтың «Сиезге əзірленіңдер» мақаласы мен ақын Бернияз Күлеевтің «Ұшқынға» атты өлеңі жарияланған. Газет өз заманында қоғамдағы өзгерістердің барысын, жер-су, оқу-ағарту мəселелерін кеңінен жазды. Халел Есенбаев, Бернияз Күлеев редакторы болды. Одан кейінгі тарихы жайлы төмендегі видеодан білуге болады.
Видео • 05 Желтоқсан, 2019
Арқалық мазуттан қашан арылады? (видео)
Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баспасөз конференциясында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арқалық қаласындағы жылу мәселесін қозғады. Бұл сұраққа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жауап берді.
Президент • 05 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында.