Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Креативті индустрия табысты салаға айнала ма?
Кейінгі уақытта елімізде креативті индустрияға баса мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап өткен еді. «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналды. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен», деген еді Қ.Тоқаев.
Тұлға • 23 Қаңтар, 2024
КСРО халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджанов – шығармаларынан ұлттық музыканың исі аңқып тұратын дарындардың бірі. Туындыларының әуені бай, ұлттық нақышы басым, бояуы қанық. Сондықтан оның ән-романстары, хорлары мен симфониялық шығармалары халықтың құлағына жағымды, жүрегіне жылы тиеді.
Тұлға • 23 Қаңтар, 2024
Фариза-жүрек тоқтады... Содан бері он жыл өтті. Сағым уақыт одан да әрі жылжи берері анық. Әділетті қоғамға Фариза Оңғарсынова керек еді! Бірақ көңілге бір медет: семсер жырлары, өткір ойлары қалды. Қасиетті қара жерге серік етіп жыр-планетасын қалдырып кетті. Ол – елдің бағы! Азаматтықты, ар-ұятты, әділдікті, аласармауды қазақ баласына мұра еткен Фариза ақынды біз сағынамыз!
Басылым • 23 Қаңтар, 2024
«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде
Әлібек Асқаров – бүгінгі қазақ әдебиетінің абыройлы тұлғасы, қара сөздің хас шебері. Жазушының шындыққа суарылған, көркем тілмен кестеленген, шуақты юморға толы шығармалары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Кезінде Серік Қирабаев сынды ғалым-сыншының, Шерхан Мұртазадай сирек суреткердің биік бағасын алған «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романының он рет басылуы – осы ойдың даусыз дәлелі.
Руханият • 23 Қаңтар, 2024
Шығыс поэзиясының танымдық тамырына үңілсек, Жаратушымен болмыс бірлігіне ұмтылған лирикалық «менді» байқаймыз. От пен көбелек, гүл мен бұлбұл секілді канондық образдар ақын жанының абсолютті ақиқатқа талпынысын бейнелейді. Осы жолда күллі руханият сатыларын бағындырған кісі «кәмали инсан» немесе «толық адам» деп аталады. Дәл осы сатыда ол үшін пенделіктің пердесі аяқталып, адам – Құдай арасындағы шекара жойылады да, екі болмыс бір бүтінге айналады. Абайдың «әрбір хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» деген концептуалды идеясы да осы ойды қуаттайды. Нәтижесінде ақиқатпен тұтасқан кемел рух енді тәңірлік диапазоннан үн қата бастайды. Қысқаша айтсақ, Құдайдың атынан сөйлейді. Енді аталған доктринаның ақын шығармашылығынан қалай көрініс табатынына тоқталайық. Заманында «Мен – Хақпын» деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен «Өзіме өзім табынам» деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды.