Экономика • 22 Қаңтар, 2025
Мұнай-газ тәуекелі: Тығырықтан шығар жол қайсы?
Мұнай бағасының тым төмен түсуі ел бюджетіне, оның ізін ала халықтың тұрмысына әсер етпей қоймайды. Жалпы, мұнай – таусылатын ресурс. Жақын арада түгесіле қоймайды дегеннің өзінде оның бағасының түсіп кету тәуекелін ешкім жоққа шығара алмайды. Сарапшылар Д.Трамптың билікке келуі жаһандық шикізат нарығына көп өзгеріс әкелуі мүмкін деп те болжайды.
Технология • 22 Қаңтар, 2025
«Yesil Technology Company» компаниясы «Kazakh Invest» қолдауымен елімізде өнеркәсіптік пилотсыз дрондар өндірісін жолға қоймақ. Жоба ауданы 50 000 шаршы метр өндірістік және ғылыми зерттеу аймағын салуды көздейді. Аймаққа аккумулятор шығаратын цех, инновациялық технологиялар ғылыми зерттеу орталығы, машиналардың толық циклін сақтау, ұшу аппараттарына арналған сынақ алаңы кіреді.
Инвестиция • 22 Қаңтар, 2025
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 121 жобаға 2,26 млрд еуро қаржы құйып, Орталық Азияда жаңа операциялық рекорд орнатты. Бұл ретте аталған банктен басты қаржы алушылар Өзбекстан мен Қазақстан екенін де айта кету керек. Көршіміз 938 млн еуро қаржы алса, елімізге 913 млн еуро инвестиция салынған.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Жетісу облысында балаларға арналған сауықтыру орталықтары көбейіп келеді. Мұның қуанышы да, әттеген-айы да бар. Қуанышы сол, түрлі сырқатқа шалдыққан жандарға жәрдем береді. Өкініштісі, сондай дертке душар болған балалардың қатары азаяр емес. Сол себепті 3-18 жас аралығындағы неврологиялық диагнозы бар балаларды кешенді оңалтуға бағытталған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Мұнда алыс аудандарда тұратын балалар емделеді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2025
Мұқтаж жандарды сарсаңға салмасақ...
Елімізде кейінгі жылдары тұрғынжай құрылысы қарқын алса да, халқымыздың саны жылдан-жылға едәуір өсіп отырғандықтан, пәтер кезегінде тұрған мұқтаж азаматтар азаяр емес. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында тұрғынжай кезегінде тұрған, өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында олар жалдайтын пәтерлердің ақысын субсидиялау бастамасын көтерген еді.