Кино • 22 Қаңтар, 2025
Тұлғалар туралы телехикая түсірілді
Келесі жылы ғасырлық мерейтойы аталып өтетін Қазақ театрының тарихы халықтық байырғы шығармалардың сахналануымен және осы жұмыстың бастауында тұрған тұлғалар есімімен тікелей байланысты. Бұл тұлғалардың ішінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Жұмат Шанин, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев бастаған қайраткерлер бар. Олар халқымыздың ежелгі әдеби шығармаларын театр өнерімен шебер ұштастырып, опера, пьеса, спектакль, симфония ретінде жарық көруіне өлшеусіз үлес қосты, ұлттық өнерге үлкен олжа салды.
Ауыл • 22 Қаңтар, 2025
Ауыл мектебіндегі цифрландыру ахуалы
Еліміз цифрландыру үдерісінде көш ілгері екенін көп есептен оқып жүрміз. Рейтингте жоғары тұратынымыз жиі айтылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын цифрландыру үдерісін жеделдету тапсырмасы бойынша білім саласында да цифрлық жобалар енгізіліп жатыр. Әрине, қала мектептерінде нәтиже байқалады. Алайда ауыл мектептеріндегі мәселеге мән бермеуге болмайды. Интернетке әрең қол жеткізіп отырғанда, ондағы білім ошақтары цифрлық жобалардың игілігін көріп отыр дей аламыз ба?
Жоба • 22 Қаңтар, 2025
Сахна сыртындағы шығармашылық өмірдің қыр-сыры театрсүйер көрерменге беймәлім. Біздің көретініміз – қаншама еңбек, талант, қажыр-қайрат пен дайындықтың, қайталаудың, ширығу мен шарықтау нәтижесінен туған көркем дүние. Ал осы көрген жанның көңілін баурап, көзін әсемдікке тойдыратын бекзат өнердің сахна шымылдығы ашылғанға дейінгі қым-қуыт тіршілігі, мың-сан мәселесі, азан-қазан өмірі көрермен үшін жұмбақ әлем болып қала береді.
Жоба • 22 Қаңтар, 2025
Қазір жасанды интеллект арқылы медицина мүмкіндігі молая түсті. Мысалы, рентген сәулесін талдайтын жүйелер дәрігердің уақытын үнемдеп, диагнозды дөп қоятын деңгейге жетті. Бұл – бір ғана мысал. «Astana Hub»-та дәл осындай өзіндік ерекшелігі бар 40 стартап тіркелген. Солардың ішінде «Autism Spectrum», «Daribar.kz», «CerebraAI», «CheckDoc» сынды стартаптардың бәсі биік. Бұл жобалардың бәрін бір сөзбен «MedTech» дейміз.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2025
Былтыр елімізде түрлі топтағы мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар мен асыраушысыз қалған қамкөңіл жандарға 80,3 млрд теңге әлеуметтік төлемдер аударылды.