Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Тасқынның алдын алу пысықталды
«Биыл қаңтар айында жауын-шашын мөлшері былтырғыдай болды. Қазір Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарында, Орал қаласында топырақта қалыңдығы 2 см тоң пайда болды. Ауа райы күрт жылып, жаңбыр мол жауатын болса, наурыз айында бұл су тасқынына соқтыруы ықтимал», деп хабарлайды «Қазгидромет» қызметі Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Тілеген Шапанов.
Спорт • 22 Қаңтар, 2025
Қасиет дарып, құт қонған Әулиеата топырағынан талай мықты спортшы түлеп ұшқан. Бір ғана Тұрар Рысқұлов ауданында дүние дидарын көрген саңлақтар жеті бірдей Олимпиада жүлдесін қоржынға түсірген. Олимпиаданың екі алтыны, екі күмісі, үш қола жүлдесін иеленген мұндай аудан еліміздің ешбір өңірінде жоқ. Құлан өңірінде туған боксшы Ермахан Ыбырайымов, еркін күрес шеберлері Ислам Байрамуков пен Ақжүрек Таңатаров, дзюдошы Елдос Сметов ел тарихына, спорт шежіресіне есімдерін алтын әріптермен жазды.
Таным • 22 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Қар тазалаушы робот
Кешеден бері Астанада ақ боран. Ауланы, жолды қар басып, жүріс-тұрыс қиындай түсті. Қар тазалаушылар таңнан бері тынымсыз жұмыс істеп жатқанда, «Yarbo» компаниясы қар тазалаушы роботын таныстырып үлгерді.
Жәдігер • 22 Қаңтар, 2025
Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ХІХ ғасырда Германия жерінде шығарылған көне үтік сақталып тұр.
Көрме • 22 Қаңтар, 2025
Қас-қағым сәт мәңгілікпен ұштасқанда...
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Суретшілер одағының мүшесі, Алматы облысының үздік суретшісі атанған Марат Тотеевтің «Бір сәттің мәңгілік бейнесі» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Экспозицияда суретшінің портрет және табиғат жанрындағы 150-ге жуық туындысы ұсынылды.