Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023
Қарағанды қаласында тағы бір оқыс оқиға болды. Қаңтардың 21-і күні сағат 19.00-ге қарай Щорс көшесіндегі қосқабатты үйде баллондағы газ жарылды. Төтенше жағдайлар департаменті жарылыстан 2 адам зардап шегіп, 3 пәтер зақымданғанын хабарлады.
Экономика • 23 Қаңтар, 2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауда айтқан тағы бір тапсырмасының ойдағыдай орындалғанына куә болдық. Дәлірек айтсақ, кеше өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Осылайша, жүздеген жүргізушінің жанын жеген маңызды мәселенің түйіні тарқай түсті.
Пікір • 23 Қаңтар, 2023
«Өнер-білім бар жұрттың» өнегесі
Қазір біз Ыбырай Алтынсаринның атақты «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін қайта оқып, оған жаңаша көзқараспен қарауымыз керек. Біз осы өлеңді балаларға арналғандай көреміз. Түсіне білсеңіз, бұл іс басында жүрген бүгінгі ересектерге арналып тұр. Қалайша дейсіз бе?..
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023
Аяз бен қар шымкенттік диқандарды да қып-қызыл шығынға батырып кетті. Көкөніс біткеннің көктей солғаны аздай, тобықтан аса жауған қалың қар жылыжай құрылымдарын да қиратып тынды. Бұған кім кінәлі? Жапа шеккен диқандардың ендігі жағдайы не болмақ?
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023
Сарыағаштық бағбан лимон өсіріп, табыс тауып отыр
Қыстың күні де бұл әулетте ешкім қарап жатпайды, ағаштардың бұталарын кесіп, көктемге дайындауда. Жылыжайдағы ауа температурасын +5 градустан төмендетпеу де шығынды айтпағанда бірталай еңбекті қажет етеді. Бірақ Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Бағыс ауылында он жылдан аса уақыттан бері жылыжайда лимон өсіріп, ел тұрғындарын тропикалық жеміспен қамтамасыз етіп отырған ағайынды Манатәлі және Оспанәлі Таңсықбаевты биылғы қыс әжептәуір әбігерге салды. Қалың жауған қар бір жылыжайын қиратса, аязды күндері бірнеше ағашын суық ұрған.