Тағайындау • 23 Қаңтар, 2020
Президенттік жастар кадр резервінің өкілі лауазымды қызметке тағайындалды
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
Еңбек министрлігі екі әлеуметтік қызметті SMS арқылы алуды ұсынады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) азаматтарға қандай да бір мемлекеттік органдарға жүгінбестен SMS арқылы тағы екі қызметті алуды ұсынады. Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы, сондай-ақ мүгедектік жағдайындағы әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
2019 жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам қандас келді
2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және қандас мәртебесіне ие болды. Олардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Монғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 23 Қаңтар, 2020
SCIJ клубының 67-ші отырысы өтіп жатыр
20-25 қаңтар аралығында Сочидегі «Роза Хутор» курортында әлемнің 27 мемлекетінен келген 130 журналист-шаңғышының қатысуымен SCIJ (Ski Club International des Journalistes) клубының 67-ші отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
«Егемен» бұдан бұрын әріптесіміз Сұңғат Әліпбайдың «Мал экспортына неге тиым салынды?» («ЕҚ».,21.01.2020 ж.) атты мақаласын басып, онда Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылдың қазан айында шетке шығарылатын тірі мал экспортын шектеу жөніндегі шешімін өзгертіп, мал экспортына толық тиым салынатыны туралы мәлімдеме жасағаны туралы айтылған болатын. Бұл күрделі шешім екені көрініп тұр. Қазақстанның экономикалық саясаты экспортты арттыру керек деген талапты үнемі алға ұстап отырғанда бұл алғашында ағысқа қарсы жүрген шешімдей болып көрінеді.